БҚО-да саз мектебінің басшысы мен есепшісі ақша жымқырды деп айыпталуда

БҚО Теректі ауданы балалар саз мектебінің басшысы Айдана Давлетова мен бас есепші Алексей Бердников қызметкерлердің жалақысынан ай сайын аударылуы тиіс зейнетақы, жеке еңбек салығы, медициналық сақтандыру сияқты түрлі төлемдерді үш жыл бойы аудармай келген.

Сурет саз мектебінің сайтынан алынды

Міндетті аударылымдардың аударылмай келгенін біраз мұғалім өткен жылдың желтоқсан айында білген. Теректі ауданына қарасты Ақжайық ауылындағы балалар саз мектебінде мұғалім болып жұмыс істейтін Гүлмира Таутешова Теректі аудандық №2 ауруханасына денсаулығын тексертуге барғанда дәрігерлер «медициналық сақтандыруыңыз жоқ» деп қарамай қойғанын айтады.

– Басшымыз Айдана Давлетовадан медициналық сақтандырудың не себепті аударылмай келгенін сұрадым. О кісі менің сұрағыма нақты жауап берген жоқ. Қайта өзіме ұрыса жөнелді. Сосын аудандық білім бөлімінің басшысына барып мән-жайды айтып, Айдананың үстінен арыз-шағым жаздым. Айғай-шу шыққанан кейін есепші «Сіздікін бірінші аударамыз» деді. Бірнеше күннен кейін ауруханадан хабарласып, «медициналық сақтандыруыңыз түсті, келіп қарала берсеңіз болады» деді. Бірнеше айдан бері емделе алмай күні кеше ғана емделдім. Бұдан бөлек, былтыр желтоқсан айында жалақымызды дұрыс төлемеді,-дейді Гүлмира Таутешова.

Медициналық сақтандырудың уақытылы аударылмағанның кесірінен емделе алмай әбігерге түскен тек Гүлмира ғана емес, Теректі аудандық балалар саз мектебі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары Сандуғаш Бисенғалиева да осындай жағдайға тап болып отыр.

– 2020 жылы дәрігерлер маған оң жақ омырауымда киста барын айтқан болатын. Содан кеуде тұсым ауыра бастағасын өткен жылдың соңында Теректі аудандық №2 ауруханасына барғанымда дәрігерлер қайтадан тексерістен өтуім керек екенін айтты. Тексерістен өтейін деп жатқанда біраздан бері медициналық сақтандырудың аударылмағанын білдім. Сөйтсем, басқа да мұғалімдерге де аударылмаған екен. Содан осы жылдың қаңтар айында мен және қасымда тағы үш мұғалім болып, төртеуіміз облыстық қаржы полициясы департаментіне Айдана Давлетованың үстінен арыз-шағым түсірдік. Олар ішкі мемлекеттік аудит департаментінің қызметкерлерін тексеруге жіберетіндерін айтты. Аудит ақпан айы бойы тексерді. Медициналық сақтандырудан бөлек, басқа да төлемдердің аударылмағаны анықталды. Арада екі айдан астам уақыт өтті, бірақ әлі біздің ешқандай төлемдеріміз аударылған жоқ. Құзырлы органдар қылмыстық іс аяқталып, барлығы анықталғаннан кейін ғана шешіледі деп отыр. Сонда біз қанша уақыт күтуіміз керек, түсінбедім?! Басшы мен есепшінің кесірінен жапа шегіп отырмыз,-дейді Сандуғаш Бисенғалиева.

Оның айтуынша, саз мектебінің басшысы Айдана Давлетова мен есепші Алексей Бердников заңсыз әрекеттерін бір-біріне сілтеп, бастарын алып қашып, кінәларын мойындамай отырған көрінеді.

Айдана Давлетова. Сурет интернет желісінен алынды

– Айдана Ермекқызының «ештеңе білмеймін, хабарсызбын» дегеніне өз басым сенбеймін. Барлығын қадағалап, қарап отыратын сол ғой. Кез келген мекемеде қандай да бір заңсыздық орын алса әуелі басшы жауап береді емес пе?! Қазір есепші Алексей Бердников уақытша қызметінен шеттетілді. Бірақ Айдананың өзі орнында отыр. Неге оныда уақытша қызметтен шеттетпейді? Отырғанымен қоймай бізге мінез-құлқын көрсетіп отыр, -дейді Сандуғаш Бисенғалиева.

Теректі аудандық білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайынова материалдық шығын келтіргені үшін Айдана Давлетова мен Алексей Бердниковтың үстінен сотқа азаматтық талап-арыз түсіргенін айтты.

– Мұнымен қазір облыстық Экономикалық тергеу департаменті айналысып жатыр,-деді қысқа ғана пікір білдірген Жанаргүл Құсайнова.

БҚО ішкі мемлекеттік аудит департаменті басшысының орынбасары Қайролла Нұрмұқановтың айтуынша, саз мектебінің қызметкерлеріне үш жыл бойы міндетті төлемдер аударылмаған. Тексеріс нәтижесінде 26,6 млн.теңгенің 4 млн.теңгеден астамы негізсіз жұмсалғаны анықталған.

– Қалған 22,3 млн. теңгені бас есепші Алексей Бердников өзінің есеп-шотына аударып алған. Осы соманың 8 млн. 260 мыңын былтыр желтоқсан айының соңында қайтарған. Енді ол әлі 14 млн. теңге қайтаруы тиіс. Анықталған барлық фактілерді біз Теректі аудандық прокуратурасына бердік,-деді Қайролла Нұрмұқанов.

Біз Теректі аудандық прокуратурасына қоңырау шалғанбыз, алайда олар бұл іспен облыстық прокуратура айналысып жатқанын жеткізді. Ал облыстық прокуратураның баспасөз қызметі сауалға тек ресми хат арқылы ғана жауап беретіндерін айтты.

«Орал апталығы» тілшісі Теректі аудандық саз мектебінің басшысы Айдана Давлетоваға да хабарласқан, бірақ ол қандай да бір пікір білдіруден үзілді-кесілді бас тартты.

Есенжол ЕЛЕКЕНОВ

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2024-12-07
Утром-8.6 ℃
Днем-8.01 ℃
Вечером-9.62 ℃
Ночью-11.54 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1047
Скорость ветра3.11 м/с
2024-12-08
Утром-12.5 ℃
Днем-6.77 ℃
Вечером-9.23 ℃
Ночью-9.88 ℃
Влажность63 %
ДавлениеhPa 1046
Скорость ветра3.89 м/с