БҚО журналистері коронавирусқа қарсы вакцинацияға белсенді қатысты

Батыс Қазақстан облысының журналистері адамдарды коронавирустық инфекцияға қарсы вакцинациялауға шақырды. Республикалық және жергілікті бұқаралық ақпарат құралдарының 20-ға жуық қызметкері «Спутник-V»вакцинасының бірінші компонентін алды.

Оралдағы бірінші емханада БАҚ қызметкерлерін вакцинациялау акциясы өтті. «Aqjaiyq» телеарнасының редакторы Динара Альпейсова алғашқылардың бірі болып екпе алды.

«Біз облыста коронавирустық инфекциямен жағдай нашарлап жатқанын көріп отырмыз. Вакцинация-өзіңізді инфекциядан қорғаудың жалғыз сенімді әдісі. Адамдарды біздің үлгісімізге еруге шақырамыз», – дейді ол.

«Менің қалам, Мой город» порталының журналисті Арайлым Өсербаева да вакцинацияланған.

«Бір жылдан бері бүкіл әлем пандемия жағдайында өмір сүріп келеді. Вакцина-вирусты жеңудің ең сенімді әдісі. Екпе алмастан бұрын мамандармен ақылдасып, екпе алуды шештім. 21 күннен кейін екінші компонентті алуға келемін», — деді Арайлым.

Қазір БҚО-да егу кабинеттері 30 медициналық ұйымда жұмыс істейтінін атап өткен жөн. Вакцинация демалыс күндері де жүргізіледі. Көшпелі бригадалар да жұмыс істейді. Олар аймақтың ірі ұйымдарына барады.

«Спутник-V» вакцинасының бірінші компонентін 20 мыңнан астам батысқазақстандық, екінші компонентін 4 мыңнан астам адам алды. Сәуір айында 35 мың дозадан тұратын партия күтеміз», – деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибеков.

Айта кетейік, БҚО коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша бір айға жуық «қызыл» аймақта тұр. Өңірде COVID-19 таралуына жол бермеу мақсатында карантиндік шектеулер енгізілді. Өңірімізде өткен тәулікте 117 адамнан анықталса, жалпы ел бойынша ауырғандар саны 278695 жетті.

«Орал апталығы» қоғамдық-саяси апталығының құрылтайшысы және бас редакторы Тамара Еслямова.

«Бүгін егілдім. Қазақстандықтар арасында иммундық жүйенің қалыптасуына өз үлесін қостым.» деп жазды өзінің Фейсбуктегі парақшасына үш күн бұрын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-05-15
Утром9.99 ℃
Днем18.48 ℃
Вечером18.06 ℃
Ночью15.44 ℃
Влажность44 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.27 м/с
2025-05-16
Утром12.31 ℃
Днем20.08 ℃
Вечером20.03 ℃
Ночью14.88 ℃
Влажность37 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра4.7 м/с