Қазақстанда карантин күшейтілді – жаңа қаулы күшіне енді
Әуежайлар мен теміржолдарда карантиндік талаптар күшейтілді, көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігердің жаңа қаулысы күшіне енді.

Қазақстанда «қызыл» аймақта орналасқан өңірлерде жолаушыларды шығарып салушылар мен күтіп алушылар әуежай мен теміржол вокзалына кіргізілмейді.
Тиісті қаулыға көліктегі бас мемлекеттік санитарлық дәрігер Жанар Оразалина қол қойды.
Оған сәйкес, коронавирустың таралуы бойынша «қызыл» аймақта тұрған өңірлерде әуежай мен теміржол вокзалы ғимараттарында жолаушыларды күтіп алушылар мен шығарып салушыларды кіргізуге шектеу енгізіледі.
16 сәуірдегі жағдай бойынша «қызыл» аймақта Нұр-Сұлтан, Алматы, Шымкент қалалары және Атырау, Ақтөбе, Ақмола, Алматы, Батыс Қазақстан, Қарағанды облыстары орналасқан.
«Сары» аймақта: Шығыс Қазақстан, Жамбыл, Қызылорда, Павлодар, Солтүстік Қазақстан, Маңғыстау облыстары.
«Жасыл» аймақта: Қостанай және Түркістан облыстары.

Өткен тәулікте өңірімізде 112 адамнан ауру анықталып, жалпы ауырғандар саны 16 842 адамға жетті. Елімізде өткен тәулікте Қазақстан бойынша коронавирус инфекциясын жұқтырудың 2656 жағдайы тіркеліп, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 281 351 жеткен.