БҚО-да осы кезге дейін коронавирустан 261 адам көз жұмған

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтің өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, облыста осы кезге дейін 16842 адам ауырса, соның 13543-і немесе 80 пайызы жазылып шықты, 261 адам көз жұмды.

Биыл 91 адам қайтса, соның ішінде қаңтарда – 28-і, ақпанда – 15-і, наурызда – 30-ы, сәуірде 18-і өмірден озды. Олардың 49-ы – әйелдер, 42-сі – ер адамдар.

Арман Талғатұлының сөзіне қарағанда, қайтқандардың 95 пайызында созылмалы ауруы болған. Соның ішінде 71 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 13 пайызы қант диабеті, 8 пайызы басқа дертке шалдыққан. Қазіргі таңда 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 8 науқас емделуде.

Ал 800 төсектік 10 инфекциялық стационарда 579 адам жатыр. Бұл ауруханалар 72,4 пайызға толған.

Жансақтау бөлімінде жатқан 31 науқастың төртеуі – 50 жасқа дейінгілер, бесеуі – 50-60, 15-і – 60-80 жас аралығындағылар, жетеуі – сексеннен асқандар. 24 науқастың 17-сі жүрек-қан тамырлары аурулары, жетеуінде қант диабеті бар.

«Өңірде коронавирусқа қарсы егу жұмыстары жалғасуда. Күні бүгінге дейін вакцинаның І компонентін 22360, екіншісін 4231 адам алды. Облыс бойынша 30 медицина ұйымында екпе кабинеттері демалыс күндері де жұмыс жасайды. Екпе алуға жазылу үшін адамдар өздері тіркелген емханаға хабарласуы қажет», деді А.Қалибеков.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-05-09
Утром16.44 ℃
Днем21.86 ℃
Вечером23.5 ℃
Ночью18.02 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра5.73 м/с
2021-05-10
Утром14.74 ℃
Днем24.95 ℃
Вечером23.99 ℃
Ночью19.81 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.5 м/с