Оралда қала әкімінің жаңа орынбасары тағайындалды

Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеген, 44 жастағы Ерлан Ғалиев қала әкімінің орынбасары болды.

Фото қала әкімінің баспасөз қызметімен ұсынылды

15 Сәуірде Қала әкімінің орынбасары лауазымына Ерлан Ерсайынұлы Ғалиев тағайындалды. Ол осы лауазымда Бақытжан Нарымбетовті ауыстырды, ол осы жылдың наурыз айында облыс әкімінің орынбасары қызметін ауысты. Ерлан Ғалиев бұған дейін жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы қызметін атқарған болатын.

Ерлан Ерсайынұлы 1977 жылы Казталов ауданы Әжібай ауылында дүниеге келген. 2002 жылы БҚМУ-ды «Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі» мамандығы бойынша, 2013 жылы Батыс Қазақстан инженерлік-гуманитарлық университетін Экономика және бизнес мамандығы бойынша тәмамдаған.

Еңбек жолын 1996 жылы Жалпақтал ауданы Ғ.Молдашев атындағы орта мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып бастады.

1997-2001 жылдары Орал қаласындағы №41 жалпы орта білім беретін мектептің бастауыш сынып мұғалімі.

2001-2004 жылдары-Орал қаласының №19 жалпы орта білім беретін мектебі директорының тәрбие ісі жөніндегі орынбасары.

2004-2005 жылдары Орал қаласы білім бөлімінің тәрбие жұмысы әдістемелік кабинетінің әдіскері.

2005 жылы-Орал қаласы Білім және спорт бөлімінің бас маманының міндетін атқарушы.

2005-2006 жылдары-Орал қаласы Білім және спорт бөлімінің бас маманы.

2006-2007 жылдары-Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру, бақылау және кадр жұмысы бөлімінің бас маманы.

2007-2008 жылдары-Орал қаласы әкімі аппаратының жауапты хатшысы – кәмелетке толмағандар істері жөніндегі бас маманы.

2008-2012 жылдары-Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау, кадр жұмысы және Мемлекеттік қызмет көрсету мониторингі бөлімінің бас маманы.

2012-2013 жылдары-Орал қаласы әкімдігінің жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің «Жұмыспен қамту орталығы» мемлекеттік мекемесінің директоры.

2013 жылы-Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру – бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімі басшысының міндетін атқарушы-қала әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2013-2015 жылдары-Орал қаласы әкімі аппаратының ұйымдастыру-бақылау жұмыстары және мемлекеттік қызметтер көрсету мониторингі бөлімінің басшысы-қала әкімі аппараты басшысының орынбасары.

2015-2017 жылдары-Орал қаласының жер қатынастары бөлімінің басшысы.

2017-2018 жылдары-Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының стратегиялық даму бөлімінің басшысы.

2018-2019 жылдары-Батыс Қазақстан облысы әкімі аппаратының талдау және бақылау бөлімінің басшысы.

2019 жылдың мамыр айынан бастап бүгінгі күнге дейін Орал қаласының жұмыспен қамту және әлеуметтік бағдарламалар бөлімінің басшысы болып жұмыс істеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-08-15
Утром17.45 ℃
Днем29.65 ℃
Вечером32.79 ℃
Ночью24.61 ℃
Влажность27 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра6.86 м/с
2022-08-16
Утром19.06 ℃
Днем31.72 ℃
Вечером31.92 ℃
Ночью23.67 ℃
Влажность21 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра8.4 м/с