Оралда субұрқақтарды іске қосу 1 мамырға жоспарланған
Орал аумағында 25 субұрқақ жұмыс істейді. Орал қаласының ТКШ абаттандыру секторының басшысы Абылай Нұрмақовтың айтуынша, 2020 жылы «Жайық Жарығы»ЖШС-мен шарт жасалған. Ұйым келесі үш жылда субұрқақтарға қызмет көрсетеді.

– Қызмет көрсететін компанияның міндетіне тұрақты тазалау, жуу, төгу, толтыру, кафель плиталарын ауыстыру және субұрқақтарды ұсақ жөндеу кіреді. Маусым аяқталғаннан кейін олар қысқы кезеңге дейін субұрқақтарды сақтауға мәжбүр болады. Биылғы жылы 25 субұрқақтың 14-ін жөндеуді жоспарлап отырмыз, жөндеу жұмыстары кезекпен жүргізілетін болады. Жөндеу бойынша мердігерлік ұйым жергілікті компания «ДорРемСервис» ЖШС болып табылады, осы ұйыммен біз 2 жылға шарт жасастық. Қазір С.Датов көшесіндегі субұрқақты жөндеу аяқталды, оны 9 мамырға дейін іске қосуды жоспарлап отырмыз. Сонымен қатар, вокзал ауданында және Пушкин саябағында субұрқақтарға жөндеу жұмыстары жүргізілуде. Қалған субұрқақтарды жөндеу 15 қыркүйекке дейін аяқталады, – деді Абылай Нұрмақов.
Айта кетейік, субұрқақтарды іске қосу 1 мамырға жоспарланған. Бұл күні Жеңіс алаңында, Ж.Молдағалиев гүлзарында, Ремзавод ауданындағы Чернобыльшылар гүлзарында және Қонаев шағын ауданында субұрқақ іске қосылады.
Субұрқақтарға қызмет көрсетуге үш жылға 63 миллион теңге бөлінді, 21 миллион игерілді.
Айта кету керек, биыл жаңа субұрқақтар салу жоспарланбаған. Есесіне үш сквер жайластырылады: Зашаған кентіндегі облыстық балалар ауруханасы ауданында, М.Мәметова алаңы ауданында және С. Тюленин көшесіндегі №50 және №52 үйлердің ауласында. Жобалық-сметалық құжаттама әзірленді. Қалада барлығы 52 сквер бар.