БҚО мамыр мерекелері қалай өтеді

БҚО-да мамыр мерекелеріне арналған 659 іс-шараның 451-і онлайн форматта өтеді.

«ОА» мұрағатынан

19 сәуірде облыс әкімдігінде облыс әкімінің қатысуымен жұмыс кеңесі өтті. Ішкі саясат басқармасының басшысы Нұрлыбек Даумовтың ақпараты бойынша, мамыр мерекелеріне арналған іс-шаралар жоспары жасалды. Облыста барлығы 659 іс-шара өткізу жоспарлануда, олардың көпшілігі онлайн режимінде өтеді.

Қазақстан халқының бірлігі күніне 207 іс – шара өткізу жоспарланған, оның 76-ы қашықтық форматта, 131-і дәстүрлі форматта. Мереке 15 сәуір мен 4 мамыр аралығында өтеді.

Негізгі іс-шаралар:

28 сәуір күні Достық үйінде «Татулығымыз бір шаңырақ астында»атты ғылыми конференция өтеді.

28 сәуір күні Жастар МҮ «Ынтымағы жарасқан туған өлкем – Қазақстан» Орыс халық аспаптар оркестрінің концерті өтеді.

29 және 30 сәуірде барлық білім беру мекемелерінде «Жаңа толқын»кешенді іс-шарасы өтеді. Соңғы үш жылда түрлі республикалық және халықаралық конкурстарда жүлделі орындарға ие болған белсенді тәрбиеленушілерді марапаттау жоспарлануда.

1 мамырда Жастар шығармашылық үйі мен Достық үйінде онлайн форматта концерттер өткізіледі.

1 мамырда Этномәдени бірлестіктердің мүшелері ағаш отырғызу акциясын және «30 игі іс»қайырымдылық акциясын өткізеді.

1 мамырда сағат 11.00-де мәдениет және демалыс саябағында веложарыс басталады, оған қаланың барлық тұрғындары қатыса алады. Жүгіру Тұңғыш Президент алаңында аяқталады.

1 мамыр күні Жастар мәдениет үйінде «Береке басы-достық» концерті өтеді.

Сонымен қатар, әлеуметтік желілерде ұлттық костюмдер, ұлттық тағамдар көрмесі, викториналар мен халық шығармашылығы көрмесі өтеді.

Отан қорғаушылар күні облыста 175 іс – шара өткізу жоспарланған, оның 121-і онлайн форматта, 54-і оффлайн режимде өтеді. Мереке 21 сәуір мен 9 мамыр аралығында өтеді. 48 іс-шара Оралда, қалғандары аудандарда өтеді.

Негізгі іс-шаралар:

2 мамырда 5517 әскери бөлімінде «Отан қорғаушының өмірінен бір күн» экскурсиясы өткізіледі.

5 мамыр күні Жастар шығармашылығы орталығында «Ерлікке бастар асқақ ән» патриоттық әндер байқауы өтеді.

5 мамырда барлық техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерінде студенттер арасында «Отан қорғаушы-2021» әскери – патриоттық ойындары өтеді.

5-6 мамыр күндері Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында төрт кезеңнен тұратын «Жігіт сұлтаны» байқауы өтеді.

7 мамыр күні «Жастар» стадионында «Қазақстан барысы» республикалық турнирінің іріктеу кезеңі өтеді.

7 мамырда Х.Бөкеева атындағы Қазақ драма театрында «Мәншүк» драмасы көрсетілсе, А. Островский атындағы орыс драма театрында көрермендерге «Қатардағы жауынгерлер»драмалық балладасы ұсынылады.

8-9 мамырда Перевалочной тоғайында кросс-кантри веложарысы өтеді, оған қаланың 80 тұрғыны қатыса алады.

9 мамыр Жеңіс күніне орай облыста 277 іс – шара өткізу жоспарланған, оның 109-ы онлайн форматта, 78-і офлайн форматта өтеді. Мереке 10 сәуір мен 19 мамыр аралығында өтеді. 80 іс-шара Оралда, қалғандары аудандарда өтеді.

Негізгі іс-шаралар:

Сәуір және мамыр айларында «Ұрпақ тағзымы» патриоттық акциясы өтеді, оның аясында ҰОС батырлары мен ардагерлерінің есімдері жазылған көшелер мен ескерткіштер абаттандырылады. Еріктілер ардагерлерге барып, үй шаруашылығына және ағаш отырғызуға көмектеседі.

5-8 мамыр аралығында мұз сарайында шайбалы хоккейден жастар арасында «Жеңіс кубогы»жарысы өтеді.

6 мамыр күні облыстық өлкетану мұражайында «Ұрпақка ұран болған Ұлы Жеңіс» көрмесін өткізу жоспарлануда, әлеуметтік желілерде «Ұлы Жеңістің ұлы есімдері»тақырыбында конференция-телекөпір өтеді.

8 мамырда Гагарин атындағы кинотеатрда «Жеңіс жаңғырығы»деректі фильмінің тұсаукесері өтеді.

9 мамырда Мәңгілік алауға, бауырлас қабірге, Үш батыр қыздың, Г.Жуков пен Т. Масиннің ескерткіштеріне гүл қою жоспарлануда.

Әлеуметтік желілерде «Ұмытылмайтын Жеңіс»атты театрландырылған телевизиялық түсірілімдер көрсетіледі.

9 мамырда балкондардан соғыс жылдарындағы әндерді орындау бойынша флешмоб өтеді. Сонымен қатар ардагерлерге барып, олардың балкондары астында әскери-патриоттық әндерді орындау жоспарлануда .

9 мамырда қалалық мәдениет және демалыс саябағында «Солдат ботқасы» концерттік бағдарламасы өтеді.

– Барлық іс – шаралар санитарлық нормаларға қатаң сәйкестікте өтеді, – деп қосты Нұрлыбек Даумов.

Облыс әкімі Ғали Есқалиев ардагерлер ешбір жағдайда назардан тыс қалмауы тиіс екенін атап өтті.

– Өкінішке орай, көптеген іс-шараларды адамдардың қатысуынсыз онлайн форматта өткізуге тура келеді. Бұған дейін мен мамыр мерекелеріне ардагерлерді құттықтап баруға болмайды деп айтқан болатынмын. Осыған байланысты өз орынбасарым Бақытжан Нарымбетовке біздің барлық құттықтауларымыз бен сыйлықтарымызды ардагерлерге жеткізетін волонтерлеріміздің жұмысын ұйымдастыруды тапсырамын. Олар барлық санитарлық талаптарды сақтауы керек. Біздің ардагерлер назардан тыс қалмауы керек. Мамыр мерекелері бұрын қалай атап өтілгенін бәріміз білеміз. Бірінші кезекте барлық мемлекеттік органдар мен кәсіпорындар ардагерлерді тек еріктілер арқылы ғана құттықтауы тиіс, – деп еске салды өңір басшысы.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

8 − three =

x
2024-03-01
Утром-13.64 ℃
Днем-3.9 ℃
Вечером-7.01 ℃
Ночью-9.7 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1037
Скорость ветра1.71 м/с
2024-03-02
Утром-14.45 ℃
Днем-4.7 ℃
Вечером-7.97 ℃
Ночью-12.4 ℃
Влажность86 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра2.98 м/с