Орал әкімдігінің қызметкері әйелін өлтірді деген күдікке ілінді (БЕЙНЕ)
Қайғылы оқиға Орда көшесінде өтіп бара жатқан адамдардың көз алдында болды. Орал қаласының ТКШ бөлімінің қызметкері, 30 жастағы күдікті бұрынғы әйеліне 18 пышақ жарақатын салған. Әйел ауруханаға барар жолда полиция көлігінде қайтыс болды.
«102» қызметіне қоңырау 19 сәуірде сағат 16:30-да түсті. 30 жастағы ер адам әйелге 18 пышақ жарақатын салып, оқиға орнынан күміс түсті KIA маркалы автокөлігімен қашып кеткен.
– Дабыл бойынша полиция жасағы көтерілді, оны «ізін суытпай» 20 минуттан кейін осы көлікте Абай даңғылында, ұстады, 1991 жылы туған күдікті рөлде болды, ол УҰИ-ға орналастырылды. ҚР ҚК 99 — бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды, – деп хабарлады БҚО ПД баспасөз қызметі.

Полиция күдіктіні ұстау кезінде сағат 17:00-де алкогольдік немесе есірткілік мас күйінде болмағанын хабарлады. Алдын ала мәліметтер бойынша, кісі өлтірудің себебі – қызғаныш. Ұсталған адамның көлігінде қанның іздері болған. Ерлі-зайыптылардың екі жас баласы қалды.
Облыстық денсаулық сақтау баспасөз қызметі әйелдің ауруханаға барар жолда қайтыс болғанын хабарлады.

– 19 сәуірде сағат 17: 00-де ГМБ қабылдау бөліміне полиция қызметкерлері 30 жастағы ұлты азиялық әйелді жеткізді. Көптеген пышақ жарақаттарымен, медициналық бригада 18 пышақ жарақатын анықтаған. Алған жарақаттардан әйел қайтыс болды,-деп хабарлады облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
Орал қаласының ТКШ бөлімінің басшысы Жандос Дүйсенғалиев күдіктінің жұма күні жұмыстан босағанын хабарлады. Дереккөздер ТКШ бөлімінің басшысының бұл мәлімдемесін жоққа шығарады. Ұсталған азамат наурыз айында ТКШ бөліміне жұмысқа түсіп, бас маман қызметін атқарған.
Күдіктінің аты-Бауыржан Хайруллин. Марқұм Айгүл Хайруллина – оның бұрынғы жары. Ерлі зайыптылар ажырасқан. Екі баласы бар-алты және сегіз жаста.
Полицияның мәліметінше, Айгүл бұрынғы күйеуін ұрып-соғу туралы бірнеше рет арыз түсірген. Бірақ содан кейін ол өтінішті қайтарып алған.
