Саз мектебінде тағы бір былықтың беті ашылды

БҚО Теректі ауданы балалар саз мектебінің басшысы Айдана Давлетова мұғалімдердің  зейнетақы, медициналық сақтандыру секілді тағы да басқа  міндетті төлемдерді үш жыл бойы аудармай келгенімен қоймай коммуналдық төлемді де бірнеше ай төлемеген. Мәселен, осы Теректіге қарасты Ақжайық ауылындағы №2 саз мектебінің көгілдір отынның шығыны жабылмаған. Қазіргі уақытта бұл мектептің  «ҚазТрансГазАймақ»-қа берешегі 245 мың 455 теңгені құрап отыр.

Мұны күні кешеге дейін Теректі ауданы балалар саз мектебі директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары болып жұмыс істеп келген Сандуғаш Бисенғалиева айтты.

– Директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары лауазымын атқарып жүргенде Ақжайық ауылындағы балалар саз мектебінің коммуналдық төлемдері менің атыма келіп жүрді. Келген түбіртек қағаздарды мен «осынша төлеуіміз керек» деп директор Айдана Давлетоваға жіберіп жүрдім, өйткені қаржыға сол жауапты ғой. Бүгін енді газдың түбіртегі келіпті. Айданаға жіберейін десем ол мені бұғаттап тастаған. Сосын білім бөлімінің басшысы Жанаргүл Құсайыноваға жібердім. Біздің зейнетақы, медициналық сақтандыру тағы да басқа төлемдерді бірнеше жыл аудармай келгендерімен қоймай газдың ақшасын да төлемеген,-дейді Сандуғаш Бисенғалиева.

«ҚазТрансГазАймақ» АҚ БҚО өндірістік филиалы Теректі газ учаскесінің қызметкері Гүлфайруз Иманғалиева қарыз 22 сәуірге дейін төленбесе, шара қолданатындарын айтады.

– Қанша уақыттан бері төлемегендерін өздері жақсы біледі. Біз оларға үш күн уақыт бердік. Осы уақытта төлемесе, газды айырамыз. Қайтадан қосу үшін де ақша төлейді,-деді ол.

«Орал апталығы» тілшісі Теректі ауданы балалар саз мектебінің басшысы Айдана Давлетоваға хабарласқан, бірақ ол «Мен сіздің сұрақтарыңызға жауап бермеймін, керек болса келіңіздер, журналист екеніңізді дәлелдеңіз, телефонмен жауап беруге міндетті емеспін»,- деп тұтқаны қоя салды.

Есенжол Елекенов

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром17.75 ℃
Днем26.06 ℃
Вечером21.23 ℃
Ночью17.33 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.77 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.69 ℃
Вечером22.71 ℃
Ночью17.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра6.93 м/с