Орал емханалары тегін дәрі-дәрмек береді
Тегін дәрі-дәрмектерді жеңіл дәрежелі коронавирусы бар науқастар ала алады. Бұл науқастар амбулаториялық негізде емделеді, ал дәрі-дәрмектерді емдеуші дәрігер береді.

— Учаскелік дәрігер КВИ және пневмонияның жеңіл түрімен амбулаториялық деңгейде ем алып жатқан пациенттерге тегін дәрі-дәрмек жазып береді, – деді БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін уақытша атқарушы Арман Қалибеков 20 сәуірде коронавируспен күрес жөніндегі жедел штабта.
Дәрілік заттар тізбесіне сәйкес ТМККК және МӘМС (тегін медициналық көмектің кепілдік берілген көлемі (ТМККК) және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) шеңберінде амбулаториялық емделуде жүрген пациенттер парацетамол, ибупрофен және т. б. сияқты дәрілерді тегін ала алады.
Қалибеков егер үйде емделуден оң динамика болмаса, онда талдаулар қайта алынып, зертханалық және диагностикалық зерттеулердің нәтижелері бойынша пациентті инфекциялық стационарға емдеуге жатқызуға қатысты шешімдер қабылданатынын атап өтті.