Ақсайдағы жаңа спорт алаңдары бір жылға шыдамады
Батыс Қазақстан облысының Ақсай қаласында жаңа спорт алаңдары қирап жатыр.

Олардың 2020 жылы көптеген бұзушылықтармен салынған белгілі болды. Жергілікті әкімдік тіпті мердігерді сотқа да берген. Компания кемшіліктерді 23 сәуірге дейін жоюға міндеттелді. Алайда жөндеу жұмыстары әлі жүргізілген жоқ.
Оған қоса алаңды белгісіз біреулер тоңап кеткен. Жеке металл элементтерін жергілікті тұрғындардың пікірінше, вандалдар темір сынықтарын қабылдайтын жерге тапсырған.
Айта кетейік, осындай 8 алаңның құрылысы бюджетке 137 млн теңгеге түсті.
Мейрамбек Сыдықов, Ақсай қаласының тұрғыны:
– Балалар мен ата-аналар жаңа алаңдарға қуанып еді. Бірақ, өкінішке орай, ұзаққа бармады. Ортақ мүлікке жауапкершілікпен қарап, мұндай бұзушыларды жазалау керек.
Мөлдір Садыргалиева, БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекші маманы:
– Жергілікті атқарушы органдар атынан немесе тұрғындар атынан арыз түскен жоқ. Қазіргі уақытта онда камера да жоқ, бірақ Smart Aksay бағдарламасы аясында жоспарланған.