Ескендір мен Дарико Хасанғалиевтер жансақтау бөлімінде жатыр

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Фото: Instagram

Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақ КСР-нің халық артисі, әншi, композитор Ескендір Хасанғалиев коронавирус жұқтырып, жансақтау бөлімінде жатыр. Бұл туралы әншінің ұлы Біржан Хасанғалиев Instagram желісіндегі парақшасында жазды.

Біржан Хасанғалиевтің айтуынша, оның анасы да жансақтау бөлімінде жатыр.

«Соңғы уақытта қаншама қоңыраулар соғылып, ата-анамның емделу барысын біліп жатқандар өте көп. Үлкен рақмет сіздерге! 4-5 күн болды, жансақтау бөлімінде жатыр. Дәрігерлер айтқан «жағдайы тұрақты» деген сөзі көп үміт және сенім береді», – деді Біржан Хасанғалиев.

Айта кетейік, 10 сәуірде Біржан Хасанғалиев ата-анасы коронавирус жұқтырғанын хабарлаған болатын.

Ескендiр Өтегенұлы Хaсaнғaлиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысы, Қаратөбе ауданында дүниеге келген. Ол әншi, композитор, музыкант, Қазақ КСР-нің Халық артисі, сондай-ақ, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері және Батыс Қазақстан облысының Құрметті азаматы.

Ескендір Хасанғалиев әл-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бiтiрген, ол Қaзaқстaн эстрaдaсының белгілі әншiлерi орындaйтын тaнымaл әндердiң aвторы. Хaсaнғaлиевтiң «Әдемi», «Aсыл aрмaн», «Өмiрiмнiң жaзы», «Aтaмекен» әндерiн тек Қaзaқстaн тыңдaрмaндaры емес, шетелдерде де ықылaспен тыңдайды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-05-09
Утром16.44 ℃
Днем21.86 ℃
Вечером23.5 ℃
Ночью18.02 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра5.73 м/с
2021-05-10
Утром14.74 ℃
Днем24.95 ℃
Вечером23.99 ℃
Ночью19.81 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.5 м/с