Орал қаласының тұрғындарынан қалалық ортаны жақсарту бойынша жобалар күтуде: қала әкімдігі «Бюджетке қатысу» өтінімдерін қабылдауды жариялады

Жобалар Орал тұрғындарының дауыс беру қорытындысы бойынша таңдалады. Өтінімдерді қабылдау 20 сәуірден бастап ашылып, 9 мамырға дейін жалғасады. Қала бюджетінен «Бюджетке қатысу» жобаларына 39 млн. теңге бөлінді, деп хабарлады экономика және бюджеттік жоспарлау бөлімінің бастығы Әлмира Төлегенова. Бұл жоба қала тұрғындарының пікірін ескере отырып қаланың дамуы үшін маңызды, деп түсіндірді ол.

Орал қаласының тұрғындарынан жобалық ұсыныстарды қабылдау келесі санаттар бойынша жүргізіледі:

– аумақты көгалдандыру;

– тротуарларды жайластыру;

– тротуарлар, пандустар, арықтар салу және жөндеу;

– жалпы пайдалану орындарын (саябақтар, скверлер, жаяу жүргіншілер аймақтары және басқа объектілер) құру, жөндеу және жарықтандыру);

– жиектерді, кеспе тастарды, тіреуіш қабырғаларды жөндеу;

– қоқыс тастайтын жерлерді жою;

– жалпы пайдалану орындарында балалар ойындары және ересек тұрғындардың демалысы үшін күркелер, орындықтар, қоқыс жәшіктері, жабдықтар мен құрылымдарды орнату және жөндеу;

– аула аумақтарында және жалпы пайдалану орындарында спорттық (жаттығу алаңдарын, футбол, баскетбол, волейбол алаңдарын), балалардың ойын алаңдарын орнату, жөндеу және жарықтандыру.

Жобаға қатысуға ниет білдірген қала тұрғындары қала әкімдігінің https://www.gov.kz/memleket/entities/uralsk/bnu/160?lang=ru сайтында толық сипаттамасымен өз өтінімдерін бере алады бұл сайтта өтінім үлгісі орналастырылған.

Бір жобаның ең жоғары мөлшері 29 млн.теңге (10 000 АЕК) болып белгіленді.

Берілген өтінімдерді құрамында 13 адам бар сараптама комиссиясы қарайды. Комиссияны әкімнің орынбасары Мирас Мұлкай басқарады, комиссияға негізінен қалалық мәслихат депутаттары кірді.

10-19 мамыр аралығында комиссия берілген жобалар өтінімдерінің критерийлерге сәйкестігін қарайды. Бұдан әрі, 20 мамырдан бастап қала тұрғындары әкімдік сайтында дауыс беру арқылы үздік жобаларды таңдай бастайды. Дауыс беру 18 маусымда аяқталады.

Орал қаласының бір тұрғыны әрбір жобалық ұсыныс бойынша бір ғана дауысты пайдалануға құқылы.

Бұл ретте Орал қаласының 10-нан кем тұрғыны дауыс берген жобалық ұсыныстарды іске асыруға жол берілмейді.

15 маусымнан кейін комиссия дауыс беру нәтижелері бойынша «Бюджетке қатысу» шеңберінде қалалықтардың қандай жобаны іске асыру үшін таңдалғанын жариялайды.

Таңдалған жобалар үшін әкімдік смета дайындап, конкурстық құжаттаманы дайындауды бастайды және тендерде оларды жүзеге асыру үшін мердігер ұйымды анықтайды — «Бюджетке қатысу» шеңберінде жобаларды іске асыру процесі осылай көрінеді, деді экономика бөлімі бастығының орынбасары Рауан ҚУАНОВ.

— «Бюджетке қатысу» жобасына түскен қала тұрғындары жобаны іске асырудың барлық кезеңдерінде қатысып, өз ескертпелері мен ұсыныстарын беретін болады, – деп түсіндіреді Қуанов.

Тұрғындар «Бюджетке қатысу» аясында 343 жобаны таңдады. Идеялар 2021 жылы жүзеге асырылады. Қаланың әрбір ауданы (олардың 8) 800 млн теңге алды, бір жобаға лимит — 55,5 млн теңге.

Тамара ЕСЛЯМОВА

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-05-09
Утром16.44 ℃
Днем21.86 ℃
Вечером23.5 ℃
Ночью18.02 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1014
Скорость ветра5.73 м/с
2021-05-10
Утром14.74 ℃
Днем24.95 ℃
Вечером23.99 ℃
Ночью19.81 ℃
Влажность31 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра7.5 м/с