БҚО-да соңғы аптада індет жұқтыру көрсеткіші 34 пайызға өсті

Батыс Қазақстанда сәуір айында 3 мыңға жуық адам коронавирус жұқтырған.

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында мәлім еткеніндей, жыл басынан бері 8 883 науқас тіркелсе, соның 1 837-сі қаңтарда, 1 950-і ақпанда, 2 138-і наурызда, 2 958-і сәуірде анықталған.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, сәуір айында сырқаттанғандардың 1 623-і немесе 54,8 пайызынан ЖРВИ белгілері бойынша тексерілгенде, індет табылса, 832-сі (28,1 пайызы) бұрын ауырғандармен байланыста болған. 458-інен (15,4 пайыз) профилактикалық мақсатта, 45-інен (1,5 пайыз) стационарға жатқызар алдында сынама алынған.

Осы айда КВИ жұқтырғандармен қарым-қатынастағы 4 494 адам медициналық бақылауға алынды.

Соңғы аптада (16-22 сәуір) алдыңғымен (9-15 сәуір) салыстырғанда, індет жұқтыру көрсеткіші 34 пайызға (832-ден 1262-ге) өсіп кетіп отыр.

Ауырғандардың 1071-і (36,2 пайызы) – жұмыс істейтіндер, 739-ы (24,9 пайызы) – зейнеткерлер, 678-і (22,9 пайызы) – жұмыссыздар, 212-сі (7,1 пайызы) – оқушылар, 60-ы (2 пайызы) – медицина қызметкерлері, 62-сі (2 пайызы) – мұғалімдер.

«Төртінші тоқсанда 1 сәуірден бері 210 оқушыдан (88-і дәстүрлі сипатта, 122-сі қашықтан білім алады) КВИ табылды. Қазіргі таңда қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 4 мектеп толығымен, сондай-ақ 37 мектептегі 79 сынып, 6 балабақшада 7, 1 ЖОО-да 2 топ карантинге жабылған», деді Н.Мұстаев.

Сәуірде 51862 ПТР тест сынамасы (орта есеппен күніне 2357) зерттеуден өткізілді.

Мониторингтік топтар осы айда 523 рейд жүргізіп, 3120 нысанды қамтыды. 19 нысанда карантин талабын бұзушылық анықталды. 105 хаттама толтырылып, 6,7 млн астам теңгеге айыппұл салынды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

six − two =

x
2023-03-21
Утром1.94 ℃
Днем10.02 ℃
Вечером8.89 ℃
Ночью6.22 ℃
Влажность49 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра5.36 м/с
2023-03-22
Утром5.08 ℃
Днем11.38 ℃
Вечером12.51 ℃
Ночью7.62 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1016
Скорость ветра5.69 м/с