Қашағандағы жобаны кеңейту жоспары жақын арада аяқталады
Жұмыс біткенде, Атырау облысындағы Қашаған жобасынан 55 мың адам жұмыссыз қалайын деп отыр.

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Атырау облысының әлеуметтік-экономикалық даму мәселелері жөніндегі кеңесте өңірдегі тұрмыс деңгейі елдің басқа өңірлерімен салыстырғанда әлдеқайда жоғары екенін атап өтті.
— Облыста орташа жалақы 358 мың теңгені құрайды, бұл республикалық көрсеткіштен 1,6 есе жоғары. Қазақстан бойынша орташа жалақы 229 мың теңгені құрайды. Алайда жақын арада «Болашақты кеңейту жобасын» аяқтау жоспарланып отыр, алдағы үш жылда 55 мың адам жұмыссыз қалады, оның 31 мыңын облыс әкімдігі жұмысқа орналастыруды жоспарлап отыр. Бұл тек Атырау облысының ғана міндеті емес екенін еске салғым келеді, өйткені басқа облыстардың тұрғындары да вахталық әдіспен жұмыс істейді, — деді Мемлекет басшысы.
Қасым-Жомарт Тоқаев Үкіметке жұмыссыз қалатын азаматтарды жұмысқа орналастыру жоспарын әзірлеуді тапсырды.
