Жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторий 5 жылға ұзартылды

Жер реформасы жөніндегі комиссияның 5-ші отырысында жерді жеке меншікке беру жөніндегі мораторийді тағы 5 жылға ұзарту шешімі қабылданды.

Комиссия отырысына 67 адам қатысты, оның 4-уі қалыс қалды, қалғандары бірауыздан мораторийді ұзартуға дауыс берді.

Өздеріңіз көріп отырғандай жерді жеке меншікке беру туралы комиссия мүшелерінің біртұтас пікірі қалыптасқан жоқ. Жұмыс тобының өкілдері де ешқандай шешім қабылдаған жоқ. Неге десеңіздер мәселе күрделі. Ашығын айтқанда түпкілікті шешім қабылдау үшін біраз уақыт керек екені анық. Аталған жұмыстарды сапалы орындау және енгізу үшін 3 жылдан 5 жылға дейін уақыт қажет. Осылайша, қазақстандықтар үшін жеке меншікке мораторийді көздейтін норманың қолданылу мерзімін 5 жылға ұзартуды ұсынамын, — деді Ералы Тоғжанов.

Ауыл шаруашылығы жерлеріне толық инвентеризация жүргізілу қажет деген ойын айтты.

Бұл жұмыс барысында еліміздің барлық жерлердегі топырақтың құнарлығын анықтауымыз қажет. Бұл бір күнде шешілмейді. Екіншіден ауыл шаруашылық жерлерінің кадастрылық құнын айқындау керек. Мамандардың айтуынша бұл он жылдан бері қаралмаған сұрақ. Нарықтың құнын ескере отырып жердің құнын анықтау керек. Әр өңірдің ерекшеліктері бар, оны да ескеруіміз керек,-деді Тоғжанов.

Сонымен қатар ол ауыл шаруашылық жерлерін электрондық форматта, көпшілікке ашық түрде берудің тетігін енгізу қажеттігін айтты. Оны кем дегенде 2023 жылға дейін жасау қажет. Бұл жерді пайдалануға берудің әділетті және ашық өтетініне көз жеткізу үшін қажет.

Саясаттанушы Расул Жұмалы да жерді жалға беру мәселесін әлі де тиянақтау қажеттігін айтты.

Оның айтуынша, қоғам қазір жерді жеке меншікке беруге дайын емес әрі экономикалық қатынастар, халықтың заңды білу деңгейі әлі тиісті деңгейде емес. Оған да уақыт керек. Сондықтан дәл қазір жер мәселесінде жеке меншікті қозғаудың қажеті жоқ.

Сонымен қатар ол игерілмей жатқан жерлер, латифундистердің есімі туралы ақпараттар әлі де жеткіліксіз деге ойда.

«Бізде полигондар бар, миллиондаған гектар жеріміз Ресейдің әскери полигонында, әрі Байқоңыр бар. Олар да біздің ресурстарымыз. Бұл тұрғыдан да мәліметтер жеткіліксіз, оған да назар аудару керек,»-деді ол.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-03-10
Утром-28.19 ℃
Днем-17.71 ℃
Вечером-12.4 ℃
Ночью-10 ℃
Влажность68 %
ДавлениеhPa 1036
Скорость ветра7.14 м/с
2026-03-11
Утром-2.53 ℃
Днем0.33 ℃
Вечером0.75 ℃
Ночью0.47 ℃
Влажность100 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра7.87 м/с