БҚО-да бір аптада 1343 адам індет жұқтырды
БҚО денсаулық сақтау басқармасы мәлім еткеніндей, өткен тәулікте 166, бір аптада 1343 адам індет жұқтырды.

Пневмониямен ауырған 450 науқас стационарда, 40-ы амбулаторлық ем алуда.
Күні бүгін инвазивті жасанды тыныс алу аппаратына 1, инвазивті емес осындай құрылғыға 5, оттегі концентраторына 20, орталықтандырылған оттегі көзіне 135 адам қосылған.
Облыста 1115 төсектік 11 инфекциялық стационарда 617 адам емделуде, коронавирусқа шалдыққан 39 адам жансақтау бөлімінде жатыр. Жұқпалы аурулар ауруханалары 55,3, жансақтау бөлімшелері (74 төсек) 52,7 пайызға толған. Сондай-ақ 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 5 адам жатыр.
Резерв ретінде 1452 (687-сі инфекциялық, 765-і карантиндік) төсек-орын әзірленді.
Басқарма мәліметіне қарағанда, биыл 693, оқу жылы басталған қыркүйектен бері 898 бала коронавирус жұқтырды.
Ірі кәсіпорындардан «Жайықмұнай» ЖШС-да жыл басынан бері 38, Қарашығанақ кенішін игеріп жатқан «ҚПО б.в.» компаниясынан 96 адамнан індет табылды.