БҚО-да 14 бизнес-нысан «Ashyq» қосымшасын пайдалануға дайын
Атамекен кәсіпкерлер палатасына «Ashyq» қосымшасы бойынша жұмыс істеуге 41 кәсіпкерлік субъектісі ниет білдірді. Олардың 14-і QR-код алды және ағымдағы жылдың 1 мамырынан бастап жұмыс істей бастайды.
2021 жылдың 1 мамырынан бастап облыс тұрғындары кинотеатрларға, фитнес-клубтарға, сауналарға, бассейндерге, кафелер мен мейрамханаларға бара алады. Осы және басқа нысандарға кедергісіз кіру үшін олар смартфонына Ashyq қосымшасын орнатып, QR кодын сканерлеуі керек.
Кәсіпкерлік субъектілерінің толық тізімі төменде.
Облыс «қызыл» аймақта орналасқанына қарамастан, 1 мамырдан бастап жұмыс істейтін кәсіпкерлік субъектілерінің тізімі:
Кинотеатрлар:
«Галактика» кинотеатры
«Cinema Park» кинотеатры
«Kinoplexx» кинотеатры
Фитнес-клубтар:
«Энергия» Фитнес орталығы
Flymax
Doberman
X-FITNESS
Сауналар, бассейндер:
Tropicana саунасы
Боулинг клубтары:
«Галактика» боулингі
Бильярд бөлмелері:
«Галактика» бильярды
Қоғамдық тамақтану объектілері:
Пинта Бар Гриль
Сондай-ақ ХҚКО QR-кодтар бойынша жұмыс істейтін болады. Оларға бару үшін смартфонға Ashyq қосымшасын орнатуды ұмытпаңыз.
Ashyq қосымшасын пайдалану жөніндегі Нұсқаулық:
Пайдаланушы смартфонына «ASHYQ» қосымшасын орнатады;
Қосымшада тіркеу процесі өтеді. ЖСН толтырады;
Мекемеге кірген кезде қосымшаның көмегімен мекеменің QR-кодын сканерлейді;
Мекеме қызметкеріне өзінің мәртебесін көрсетеді.
Смартфон болмаған жағдайда қосымшада келушілерге ЖСН енгізу арқылы келушінің мәртебесін оның келісімімен тексере алатын қызметкерлер үшін функция бар.
Пайдаланушы QR-кодты сканерлеген кезде, қосымша webcovid ДБ (байланыс тұлғалары туралы деректер) және ПТР ДБ (ПТР-тестілеу нәтижелері) деректер базасынан пайдаланушы бойынша ақпаратты сұратады.
Алынған мәліметтер негізінде қосымша пайдаланушыға 4 түстің біреуін береді:
Жасыл-шектеулер жоқ. «Жасыл» болу үшін теріс ПТР тесті болуы керек (тесттің әрекеті-3 күн).
Көк-ешқандай шектеулер жоқ. «Көк» мәртебесі бар келушілер байланыста болған адамдар базасында тұрмайды, сондай-ақ қолданыстағы ПТР-тест туралы ақпарат жоқ. Бұл мәртебенің иелері теріс нәтижесі бар қолданыстағы ПТР-тест (әуежай және т.б.) талап етілетіндерден басқа барлық орындарға бара алады.
Сары-кіру шектеулі. «Сары» мәртебесі бар келушілер байланысатын адамдар базасында тұрады, адамдар «ковидті» науқастармен байланысқан кезде «сары» болады. Осындай науқастармен (отбасы мүшелері, еңбек ұжымы) байланыста болған кезде сіздің деректеріңіз автоматты түрде байланысатын адамдардың дерекқорына түседі, егер келушінің «сары» мәртебесі болса, мекемеге кіру шектеледі. Шектеу 14 күннен кейін ғана тоқтатылады. Бұл мәртебенің иелеріне тек 500 метр радиуста дәріханалар мен дүкендерге баруға рұқсат етіледі.
Қызыл-кіруге тыйым салынады. Бұл коронавируспен ауыратын адамдар. Бұл адамдардың деректері ПТР ДБ-да бар, сәйкесінше оларға кіруге қатаң тыйым салынады. «Қызыл» мәртебе иелері үй карантинінде немесе амбулаториялық емделуде болуы тиіс.
Айта кету керек, жоғарыда аталған кәсіпкерлік субъектілеріне барған кезде мәртебенің түсіне (жасыл, көк) қарамастан, кіру кезінде температура өлшенеді, сондай-ақ маска режимі мен әлеуметтік қашықтықты сақтау сақталады.
Серік ЕСЕНОВ
ТАҚЫРЫП БОЙЫНША: