Кредит жайлы жағымды жаңалық

Қазақстанда қарызынан түгел құтылған адамдардың кредит тарихын сақтау мерзімі он жылдан бес жылға дейін қысқарады. Парламент тиісті өзгерістер енгізілген заңды қабылдады.

Сенатта кейбір заңнамалық актілерге банктік, микроқаржылық және коллекторлық қызметті реттеуге қатысты өзгерістер енгізу туралы заң жобасы екі оқылымда қаралды.

Құжатта кредит тарихы нашар адамдарға аса қажет болған жағдайда кредит алуға мүмкіндік беретін норма көзделген.

Егер бұрын кредит тарихын сақтау мерзімі 10 жыл болса, бүгінде кредитін өтеген және қазір берешегі жоқ адамдарға қатысты бұл мерзім 5 жылға дейін қысқартылады.

«Азаматтардың кредит тарихын сақтау мерзімі маңызды мәселе болып отыр. Банктер өткен он жылда қарызын уақытылы төлемей, мерзімін өткізіп алған адамдарға кредит беруден бас тартады. Кредит тарихын сақтау мерзімі 10 жылдан 5 жылға дейін қысқарғанда, 490 мыңға жуық отандасымыз қажет болған жағдайда банктер мен микроқаржы ұйымдарынан кредит ала алады», – деді сенатор Ольга Перепечина.

Сонымен қатар коллекторлардың қызметін реттейтін түзетулер де қабылданды.

Енді оларға коллекторлық агенттікке тіркелмеген, бөтен адамдардың телефон нөмірінен борышкерлерге хабарласуға тыйым салынады. Одан басқа, агенттіктер борышкермен сөйлесудің кез келген процесіне бейне және аудио түрінде жазба жүргізуге міндеттеледі.

Депутаттар бұл норма коллекторлардың борышкермен дөрекі сөйлесуіне немесе заңнаманы бұзуына жол бермейді деп санайды.

Заң жобасында банк қарыздары мен микрокредиттер бойынша проблемалы берешектерді сотқа дейін реттеу тетіктері де жетілдірілді. Мерзімі өткен кредиттер бойынша берешекті реттеудің бірыңғай құқықтық тәртібі көзделіп отыр, ол банктердің қарыздарына ғана емес, сондай-ақ микроқаржы ұйымдарының кредиттеріне де қолданылады.

Сондай-ақ кредиторлардың қарыз алушылардың өтінішін қарау мерзімі 180 күннен 90 күнге дейін қысқартылды.

Парламент сенаты заң жобасын екі оқылымда қарап, бірауыздан қабылдады. Құжат президенттің қол қоюына жіберілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам.
В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-06-23
Утром24.73 ℃
Днем34.05 ℃
Вечером31.62 ℃
Ночью29.05 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1019
Скорость ветра5.74 м/с
2021-06-24
Утром23.17 ℃
Днем31.67 ℃
Вечером30.63 ℃
Ночью24.38 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра4.81 м/с