Оралда covid-19 жұқтырып жоғалған ер адамның денесі табылды
65 жастағы Анатолий Максин 28 сәуірде өлі күйінде табылды.

Осы жылдың 1 сәуірінде полиция облыстық көпбейінді ауруханадан шығып, қайтып оралмаған қала тұрғыны Анатолий Максинді іздестіруді жариялады. Ер адамда COVID-19 диагнозы расталған еді.
БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 28 сәуірде Анатолий Максиннің денесі Деповская көшесінде табылған. Оны кездейсоқ жолаушылар тауып, полицияға хабарлады.
— Ер адамның денесінде зорлық-зомбылықпен өлімнің іздері табылған жоқ. Мәйіт өлімнің себебін анықтау үшін сот-медициналық сараптамаға жіберілді, — деп хабарлады полициядан.
