Оралда мобильді егу пункттері ашылды
Жылжымалы медициналық көмек кешендері, дөңгелекті емханалар деп аталатындар төрт ірі сауда орталығы мен Орталық базардың: Сити-центр, «Азиа молл» сауда орталығы, «Жәңгір хан» сауда үйі және автоХҚКО жанында қойылған.

– Жеке куәлігін көрсеткен кез келген адам коронавирустық инфекцияға қарсы вакцина ала алады. Міндетті түрде орнында медициналық тексеру жүргізіледі. Талаптарға сәйкес, процедурадан кейін 30 минут ішінде адам дәрігерлердің бақылауында болады.
Оралдықтарға қазақстандық және ресейлік QAZVAC немесе V спутнигі вакцинасын таңдау ұсынылады, – деп атап өтті облыстық денсаулық сақтау басқармасында.
Пункттердің жұмыс кестесі сағат 10-нан 20-ға дейін, сондай-ақ емханалардағы кабинеттер. Егер қажеттілік болса және тілек білдірсе, онда кесте ұзартылады.

Өңірде осы кезге дейін 19030 адам індет жұқтырған, соның 78 пайызы (14891-і) жазылып шықты. БҚО-да өткен тәулікте коронавирус жұқтырған 153 адам тіркелді.
Облыста барлығы 276 адам коронавирустан қайтыс болған, оның 107-і биыл көз жұмған.
Күні бүгін 195 төсектік 4 карантиндік стационарда 19 науқас ем қабылдауда. Қазіргі кезде 1115 төсектік 11 инфекциялық стационарда 603 адам емделуде. Соның ішінде 40 науқас жансақтау бөлімінде жатыр. Бұлардың дені – егде жастағы адамдар. Атап айтқанда, екеуі – 50-ге жетпеген, төртеуі – 50-60, 23-і – 60-80 жас аралығындағылар, 11-і – сексеннен асқандар. 32-сінде созылмалы сырқаттары (23-інде – жүрек-қан тамырлары аурулары, 9-ында – қант диабеті) бар.