Өз әжесінің миллионын ұрлап алған
Полицейлер Орал тұрғынын ұстады, ол мобильді банкинг орнатамын деп, әжесінің картасынан ақша қаражатын өз шотына аударып, содан кейін оларды жұмсап жіберген. Шығын сомасы шамамен 1 млн теңге.

Белгілі болғандай, жас жігіттің бұрын да заңмен проблемалары болған. 29 жастағы ер адам 70 жастағы әжесін телефонға коммуналдық және басқа да төлемдерді төлеу үшін банктің мобильді қосымшасын орнатуға көндіреді. Бірақ зейнеткердің банктік шотына қол жеткізгеннен кейін, ол барлық ақшаны өз шотына аударып алған.
Бір түнде жинақ ақшасын жоғалтқан әжей өзінің немересі ақшасын ұрлады дегенге сенгісі келмейді. Ақшасының жоғалғанын білгеннен, кейін зейнеткер полицияға арыз жазды. Құқық қорғау органдары алаяқты оңай тауып алды. Қазіргі уақытта немересі ұсталды, өкінішке орай ұрланған затты қайтару мүмкін болмады, бірнеше күннің ішінде жас жігіт әжесінің бірнеше жыл бойы жинаған ақшасын жұмсап жіберген.
Аталған факті бойынша ҚР ҚК 190-бабының 2-бөлігі (Алаяқтық) бойынша сотқа дейінгі тергеу басталды.
Полиция департаменті еске салады: ешкімге және ешқашан банктік карталарыңызға және жеке деректеріңізге қол жеткізуге жол бермеңіз.