Ескендір Хасанғалиев өмірден озды

Әйгілі әншi, композитор, Қазақ КСР-нің Халық артисі, Қазақстан Республикасының Мемлекеттік сыйлығының, «Құрмет», «Отан» ордендерінің иегері Ескендір Хасанғалиев өмірден озды.

Бұл туралы Мәдениет және спорт вице-министрі Нұрқиса Дәуешов Facebook-тегі парақшасында жазды.

«Ардақты ағамыз, асыл ағамыз, әйгілі композитор, ҚР Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан КСР халық артисі Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев өмірден озыпты. Марқұмның жақындарына қайғырып көңіл айтамын. Иманы саламат болсын», — деп жазды Мәдениет министрінің орынбасары.

Ескендір Өтегенұлы Хасанғалиев 1940 жылы 13 ақпанда Батыс Қазақстан облысында туған. 1959 жылы Құрмaнғaзы aтындaғы Aлмaты мемлекеттiк консервaториясының вокaльды-хор фaкультетiн, 1978 жылы Әль-Фaрaби aтындaғы Шымкент мәдениет институтын бітірді. Өмірін өнерге арнаған Хасанғалиевтің «Атамекен», «Әдемі», «Асыл арман», «Өмірімнің жазы», «Ескірмеген махаббат» әндерін білмейтін қазақ жоқ.

Ескендір Хасанғалиев – қазақтың ән өнеріне зор үлесін қосқан сазгер. Оның репертуарындағы авторлық туындылары ел жүрегінен ойып тұрып орын алған. Шығармашылық ғұмырында орыс, татар, неміс ақындарының өлеңдеріне де ән жазған. 200-ге жуық ән, романс және хорға арналған шығармалардың автор болды.

Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы Дарико Хасанғалиеваның екі қызы мен бір ұлы бар.

Айта кетейік, бұған дейін Ескендір Хасанғалиев пен жұбайы коронавируспен жансақтау бөліміне түскенін хабарлаған едік.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-12
Утром9.83 ℃
Днем20.73 ℃
Вечером17.24 ℃
Ночью12.99 ℃
Влажность61 %
ДавлениеhPa 1026
Скорость ветра3.88 м/с
2026-10-13
Утром9.82 ℃
Днем20.54 ℃
Вечером17.28 ℃
Ночью14.79 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1029
Скорость ветра3.4 м/с