Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Біртановқа айып тағылды

Прокурор үй қамауын тағы бір айға ұзартуды сұрады. Бұрынғы Денсаулық сақтау министрі Елжан Біртановты мемлекетке 1,5 млрд теңге шығын келтірді деп айыптап отыр, деп хабарлайды LS.

«Елжан Біртанов, Олжас Әбішев және басқа да адамдар өздерінің қылмыстық әрекеттерімен сеніп тапсырылған бюджет қаражатын жымқырып, мемлекетке аса ірі мөлшерде 1,5 млрд теңге немесе 4,1 млн доллар көлемінде материалдық залал келтірді», – деді прокурор Төлеген Жараспаев.

Оның айтуынша, әңгіме Денсаулық сақтау министрлігі хорватиялық Ericsson Nikola Tesla фирмасынан 17,8 миллион долларға тапсырыс берген «Денсаулық сақтаудың ақпараттық жүйелерінің интероперабельділігі және ақпараттандыру платформасы» туралы.

Прокурор Біртанов платформаның жұмысқа қабілетсіздігі туралы нақты білгенін мәлімдеді, алайда Әбішевпен алдын ала келісім бойынша 2018 жылдың қазан айында Нұр-Сұлтан, Батыс Қазақстан және Шығыс Қазақстан облыстарының 17 емдеу мекемесінде пилоттық пайдалануды жүргізу туралы бұйрыққа қол қойды.

«Бұдан басқа, платформаның жұмыс істемеуі тергеу эксперименттерімен, платформаның техникалық жай – күйінің ведомствоаралық актісімен, аумақтық денсаулық сақтау басқармаларының бұрынғы және қазіргі басшыларының айғақтарымен, емдеу мекемелерінің медицина қызметкерлерінің айғақтарымен расталған, олардың ішінде платформа бүгінгі күнге дейін енгізілмеген», — деп атап өтті Жараспаев.

Сонымен қатар, ол пациенттер туралы ақпаратты ауруханалар мен денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық ақпараттық жүйелеріне бөлек енгізу керек екенін атап өтті, бұл өндіріс жүктемесін едәуір арттырады.

«Платформаның жұмыс істемеуі істің басқа материалдарымен де дәлелденді», – деп атап өтті прокурор.

Прокурор Біртановтан медициналық мекемеге барудан басқа, үйден шығу құқығынсыз үй қамауын тағы бір айға (14 мамырдан 14 маусымға дейін) ұзартуды сұрады.

Естеріңізге сала кетейік, Біртанов 2020 жылдың маусымында Денсаулық сақтау министрі қызметінен босатылды. Кейін ол қаржы жымқырғаны үшін ұсталды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-11-14
Утром3.99 ℃
Днем6.64 ℃
Вечером7.68 ℃
Ночью9.89 ℃
Влажность89 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра7.24 м/с
2026-11-15
Утром10.92 ℃
Днем6.75 ℃
Вечером2.61 ℃
Ночью2.46 ℃
Влажность95 %
ДавлениеhPa 1012
Скорость ветра7.03 м/с