Оралда жас қыз саябақтағы аспалы көпірден секіріп кетті

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, оқиға 5 мамыр күні кешкісін қалалық мәдениет және демалыс саябағындағы аспалы көпірде болды.

Көпірден секіріп кеткен қызды жедел құтқару жасағы жеткенше, сол маңда катамаранмен жүрген екі жігіт судан алып шығып, құтқарып қалған.

БҚО ТЖ департаменті адам өмірі бәрінен қымбат екендігін, өзен-суларда сақ болу керектігін еске салады.

БҚО полиция департаменті баспасөз қызметінің мәліметінше, 20 жастағы бойжеткен өз-өзіне қол жұмсамақ болған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 105 — бабы «Өз-өзіне қол жұмсауға жеткізу» бойынша қылмыстық іс басталды», — деп хабарлады полициядан.

БҚО денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 19.07-де шақырылды.

Алдын ала мәліметке қарағанда, миы шайқалып, іштен жабық жарақат алды деген күдікпен қыз облыстық көпбейінді аурухананың хирургиялық бөлімшесіне жеткізілді.

Қазіргі кезде оқиғаның жай-жапсары анықталу үстінде.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-10-05
Утром2.22 ℃
Днем10.54 ℃
Вечером6.89 ℃
Ночью4.06 ℃
Влажность50 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра5.09 м/с
2026-10-06
Утром0.36 ℃
Днем11.64 ℃
Вечером12.6 ℃
Ночью10.54 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра3.96 м/с