Жайық киігінің саны қанша?

Премьер-Министрдің орынбасары Роман Скляр Парламент өкілдерінің депутаттық сауалына берген жауабында «Бөкейорда» табиғи резерватының құрылысы туралы мәлімет берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

«Қазақстан аумағында Бетпақдала, Жайық және Үстірт киіктерінің әлемдік популяциясының 95% -дан астамы мекендейді. Бүгінгі таңда Жайық киіктерінің популяциясы 217 мың басқа жетті немесе бұл Қазақстандағы барлық киіктің 65%-ы деген сөз. Жайық киіктерінің тіршілік аясын сақтау үшін Батыс Қазақстан облысындағы «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын және Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын құру бойынша бірқатар іс-шара жүргізіліп жатыр» — деп жазылған жауапта.

Роман Склярдың айтуынша, Батыс Қазақстан облысында табиғи резерават пен қаумал құру үшін заңнаманың жекелеген талаптарын орындау қажет, оның ішінде келесі іс-шаралар орындалған:

1) штаттық саны 78 бірлік, жалпы алаңы 343 040,1 га резерват және жалпы алаңы 314 504 га қаумал құру үшін техникалық-экономикалық негіздеме әзірленді және мемлекеттік экологиялық сараптаманың қорытындысы алынды;

2) «Республикалық маңызы бар Ащыөзек мемлекеттік табиғи қаумалын және «Бөкейорда мемлекеттік табиғи резерваты» республикалық мемлекеттік мекемесін құру туралы» Үкімет қаулысының жобасы әзірленді.

3) Мемлекет басшысы резерват пен қаумалдың қызметін қамтамасыз ету үшін штат санын бөлуді мақұлдады;

4) Қазіргі уақытта 2021 жылға арналған резерват пен қаумал құру үшін бюджеттік өтінім қалыптастырылып, ол республикалық бюджет комиссиясының қарауына енгізіледі.

Еске салсақ, Мәжіліс депутаты Айжан Ысқақова Батыс Қазақстан облысында «Бөкейорда» мемлекеттік табиғи резерватын құру жобасы неге тоқтап қалғанын сұрап, Үкіметке сауал жолдаған болатын.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2026-08-17
Утром12.53 ℃
Днем24.28 ℃
Вечером28.95 ℃
Ночью21.82 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1011
Скорость ветра8.14 м/с
2026-08-18
Утром18.39 ℃
Днем31.35 ℃
Вечером29.75 ℃
Ночью23.95 ℃
Влажность22 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.76 м/с