БҚО прокуратурасы Жас натуралистер станциясы ауданында ағаш кесудің заңсыздығын мойындады
Прокуратура аталған факті барысында бірқатар бұзушылықтар анықталып, қадағалау актісі шығарылғанын хабарлады. Кінәлі тұлғалар қылмыстық жауапкершілікке тартылады.

Қадағалау органдары осы фактіні тексеруге бастамашылық етті, оның қорытындысы бойынша бірқатар бұзушылықтар анықталды, деп хабарлайды «Жайық Пресс» редакциясы”:
«Талдау нәтижелері бойынша, облыс прокуратурасы аталған әрекеттердің (ағаш кесу) заңсыздығы туралы қорытындыға келді, өйткені бұл жер учаскесі БҚО жасыл желектерді күтіп ұстау және қорғау қағидаларында айқындалған ерекше жағдайларға жатпайды».
Осыған байланысты прокуратура облыс әкімдігінің атына заңсыз ағаш кесу және қоршаған ортаға келтірілген залалды өтеуді қамтамасыз ету фактілері бойынша шаралар қабылдау туралы қадағалау актісін шығарды. Сондай — ақ, іс жүргізу шешімін қабылдау үшін құқық қорғау органдарына материалдар жіберу арқылы кінәлі тұлғаларды жауапкершілікке, оның ішінде қылмыстық жауапкершілікке тарту бойынша шаралар қабылдау қажеттілігі туралы мәселе қойылды, — деп хабарлады облыс прокурорының аға көмекшісі Қайрат Күлекешов.
Естеріңізге сала кетейік, өткен жылы «ОА» редакциясы Жас натуралистер станциясының аумағында ағаш кесу туралы жазған болатын. Сол кезде абаттандыру секторының тұрғын үй-коммуналдық шаруашылық бөлімі «жеке меншік болса да, ағаштарды кесу жұмыстарын жүргізуге рұқсат беру керек«деп хабарлады. Бірақ кейінірек олар алдыңғыға мүлдем қайшы жауап берді. Ведомство бұл айыппұлдар жеке меншік учаскелерге қолданылмайтынын, осылайша кесу толығымен заңды екенін айтты.
