БҚО-да 14 мамырдан бастап блокпосттар алынуы мүмкін

Батыс Қазақстан облысында Бас мемлекеттік дәрігердің жаңа қаулысы дайындалуда. Онда 1 мамырда қойылған блок-бекеттерді алып тастау қарастырылған. Бұл туралы жедел штаб отырысында айтылды.

Штаб отырысында төрағалық еткен БҚО әкімінің бірінші орынбасары Мұхтар Манкеев блокпосттардың өз рөлін атқарғанын атап өтті.

«Біз аурудың динамикасын қарастырамыз. Блокпосттар оң рөл атқарды. КВИ ауруы төмендеді. 14 Мамырда блок-бекеттерді қою мерзімі аяқталады. Жаңа қаулының жобасын талқылап, шешім қабылдаймыз. «Ashyq» қосымшасы мен халықтың санасы үлкен рөл атқаруы тиіс», – деп атап өтті Мұхтар Манкеев.

Сондай – ақ, оперштаб отырысында Оралда «Ashyq» жобасы енгізілгеннен бері «қызыл» мәртебесі бар 15 адам және «сары»мәртебесі бар 21 адам анықталғанын хабарлады.

«Бұл адамдар қоғамдық орындарға барып, басқаларды жұқтырды. Мұндай санасыз азаматтар үшін жауапкершілікті қарастыру қажет. Полиция департаменті мен санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті бұл мәселені пысықтауы тиіс», – деді БҚО әкімінің бірінші орынбасары.

Айта кетейік, БҚО коронавирустық инфекцияның таралу қарқыны бойынша екі айға жуық «қызыл» аймақта тұр. Мына жерлерге блокпосттар қойылған еді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-13
Утром23.42 ℃
Днем28.95 ℃
Вечером29.92 ℃
Ночью23.97 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра5.01 м/с
2025-07-14
Утром19.72 ℃
Днем25.61 ℃
Вечером28.33 ℃
Ночью20.99 ℃
Влажность43 %
ДавлениеhPa 1013
Скорость ветра3.87 м/с