Оралда Спутник V вакцинасының екінші компоненті жетпей жатыр
ҚР бас санитарлық дәрігерінің екінші компонентті алу мерзімін 21 күннен 45 күнге дейін ұзарту туралы қаулысы шыққаннан кейін вакциналарды жеткізу мерзімі өзгерді, — деп хабарлады БҚО штаттан тыс бас эпидемиологы Алмагүл МАНТАКОВА.

«Атап айтқанда, Оралда ресейлік Sputnik V вакцинасының екінші компонентінің 45 күн бұрын егілгісі келетіндер үшін жетіспеушілігіне байланысты жағдай қалыптасты. Қазір осы препараттың келесі партиясын жеткізу күтілуде. Вакциналар түскеннен кейін, аймақта 2-ші компонентті 21 күннен кейін алғысы келетіндерге ресейлік препаратпен егу жалғасады.
Қазіргі уақытта біз 2 компонентті алғысы келетіндердің тізімін жасаймыз», — деді Мантакова.
Қазір емханаларда Араб өндірісіндегі Hait vac вакцинасы егілуде. «Бұл препарат төмен жанама әсерімен жақсы пікірлерге ие. Компоненттер арасындағы мерзім 14-тен 28 күнге дейін. Әсіресе қарт адамдар мен созылмалы аурулары бар адамдар үшін қолайлы» — деп, бұл вакцинаны облыстың штаттан тыс бас эпидемиологы сипаттады.
БҚО – да вакцинаның бірінші компонентін 62584 адам алды, оның екеуін де алғандар – 23479 адам, бұл шамамен 4%.