COVID-19: Қазақстанда соңғы қоңырауды өткізудің талаптары жария болды

Денсаулық сақтау министрлігінің Санитариялық-эпидемиологиялық бақылау комитеті карантин кезінде соңғы қоңырау мен аттестаттарды тапсыру салтанатын өткізу талаптарын жариялады.

Коронавирустың таралуын болдырмау мақсатында қабылданған шектеу шаралары (қауіп-қатер аймағына қарамастан) кезінде жалпы білім беретін мектептерде соңғы қоңырау және аттестаттарды тапсыру салтанатын өткізу тек санитарлық-эпидемиологиялық талаптар қатаң сақталған жағдайда ғана рұқсат етіліп отыр.

9, 11-(12) сынып түлектерінің мектеппен қоштасу салтанаттары (соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру) тек ашық алаңда (таза ауада) өткізілуі тиіс. Бұдан басқа ешқандай шаралардың өткізілуіне рұқсат берілмейді. Салтанатты шара басталмас бұрын мектеп алаңын тазалап, қоқыстың уақытылы шығарылуын қамтамасыз ету қажет.

Шараға мектеп түлектерінен басқа олардың ата-аналарының немесе қамқоршыларының (әр түлектің) бір өкілі, сондай-ақ мектеп оқытушылары құрамынан ең көбі 6 адам қатыса алады.

Карантиндегі азаматтардың (КВИ-ға шалдыққан науқаспен жақын байланыстағы адам, КВИ-ға шалдыққан науқас) аталмыш шараға қатысуына тыйым салынады.

Сонымен қатар, мектеп аумағында адамдардың, қонақтардың (ата-аналар, жақын туыстар, қамқоршылар және т.б) жиналуына жол берілмейді. Салтанатты шара кезең-кезеңімен өткізілуі керек. Дәлірек айтқанда, мектеп аумағындағы шара тек бір сынып түлектері үшін өткізілуі тиіс.

Шараның ұзақтығы 45 минуттан аспауы тиіс. Әр сынып үшін өткізілетін салтанатты шаралардың аралығы 30 минуттан кем болмауы керек. Соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру кезінде қол алысуға тыйым салынады. Шараға қатысушылар бетпердені киіп, 2 метрлік әлеуметтік қашықтықты сақтауы керек.

Салтанатты шараларға қатысатын педагогикалық ұжым, оқушылар жеке антисептикалық құралдарын қолданғаны жөн. Соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру салтанаты аяқталған соң көшеде, қоғамдық тамақтану орындарында (мейрамхана, дәмхана және т.б.) бұқаралық шараларды өткізуге болмайды.

Бұдан бөлек, соңғы қоңырау, аттестаттарды тапсыру салтанаты аяқталған соң дезинфекциялық құралдарды қолдана отырып, мектеп ғимараттарында ылғалды тазалау шараларын жүргізу қажет.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-08
Утром-4.72 ℃
Днем0.77 ℃
Вечером0.35 ℃
Ночью-0.68 ℃
Влажность92 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.33 м/с
2021-12-09
Утром-1.6 ℃
Днем0.28 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-0.85 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра6.93 м/с