Орал мектептеріндегі ата-аналардан қолхат талап ету заңсыз
Оралда мектеп 25 мамыр күні ата-анасынан балаларына деген жауапкершілігі туралы қолхат талап етті. БҒМ бұл заңсыз деп мәлімдеді.

Министрлік мұндай жағдайлар қайталанбауы үшін өңірлерде түсіндіру жұмыстарын жүргізгендерін хабарлады.
Білім және ғылым министрлігі ата-аналар соңғы қоңырау соғылған кезде 25 мамырда мектепке өз баласы үшін жауапкершілік туралы қолхат беруге міндетті емес екенін түсіндірді.
Орал тұрғыны Валерий Артамонов мұндай өтініш жазудан бас тартқаны үшін оны WhatsApp-тағы ата-аналық чаттан шығарып жібергенін айтты.

«… мен өз баламның өмірі мен денсаулығы үшін жауапкершілікті өз мойныма аламын 25.05.2021», – делінген өтініш мәтінінде.
Білім министрлігінде сынып жетекшісі мен мектептің әрекеті заңсыз деп аталды.
«Іс-шара барысында және іс-шара аяқталғаннан кейін оқушылардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету мақсатында осы шара қолданылды. Бірақ біз қазір осындай жағдайларға жол бермеу үшін өңірлермен түсіндіру жұмыстарын жүргіздік. Қолхаттар бойынша талап заңсыз және дұрыс емес», – деп атап өтті ҚР БҒМ мектепке дейінгі және орта білім комитеті тәрбие жұмысы және қосымша білім беру басқармасының басшысы Гүлмира Құлсариева.
Ол мұндай жағдайлар туындаған кезде әр өңірдегі аумақтық департаменттерге жүгінуге болатынын айтты.