«Тұлпар Тальго» пойызы Орал мен Атырауға қайта жүреді

«Жолаушылар тасымалы» АҚ «Тальго»вагондарынан құрастырылған төрт коммерциялық пойызды іске қосады.

«Қазақстан темір жолы» ҰК » АҚ баспасөз қызметі хабарлағандай, төмендегі бағытқа пойыздар қатынайды:

1 маусымнан бастап «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Атырау» бағытындағы №19/20 пойызы күн сайын Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан тақ сандар бойынша, Атырау станциясынан жұп сандар бойынша жөнелтіледі;

1 маусымнан бастап «Алматы – 2-Нұр-Сұлтан Нұрлы жол» бағытындағы № 701/702 пойызы күн сайын қатынауда;

2 маусымнан бастап Нұр-Сұлтан Нұрлы жол станциясынан №95/96 «Нұр-Сұлтан Нұрлы жол – Орал» пойызы жұп сандар бойынша, ал кері Орал станциясынан тақ сандар бойынша жөнелтіледі;

3 маусымнан бастап № 71/72 «Алматы-2 – Түркістан» пойызы Алматы-2 станциясынан тақ сандармен, ал Түркістан станциясынан жұп сандармен жүреді.

– Ұлттық тасымалдаушы өз жолаушыларын жол жүру құжаттарын онлайн, соның ішінде BILET.RAILWAYS.KZ ресми сайты арқылы рәсімдеуге шақырады және жолаушылардан коронавирустық инфекцияның таралуы кезеңінде санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтауды және жол бойында өзімен бірге жеке қорғану құралдарының (маскалар, қолғаптар, антисептиктер) қажетті қорын ұстауды сұрайды, – деп хабарлады ҚТЖ баспасөз қызметі.

Сервистік қызметтердің сапасы бойынша өз ұсыныстары мен шағымдарын 1433 бірыңғай тәулік бойы жұмыс істейтін байланыс орталығына жіберу керек. Өтінішті жіберген кезде сапар күнін, поездың, вагонның және орынның нөмірін, сондай-ақ кері байланыс үшін байланыстарды көрсету қажет.

Жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесі туралы барлық ақпаратты 105 анықтама қызметінен табуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-20
Утром6.64 ℃
Днем13.38 ℃
Вечером11.46 ℃
Ночью9.59 ℃
Влажность56 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра3.44 м/с
2022-05-21
Утром5.29 ℃
Днем11.09 ℃
Вечером10.81 ℃
Ночью6.28 ℃
Влажность47 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра9.25 м/с