БҚО мектептеріндегі камераларды полиция басқармасымен біріктіргісі келеді
БҚО білім басқармасының басшысы Айгүл Мыңбаеваның айтуынша, мектептердің қауіпсіздігі мәселесі бірінші жыл емес. 2016 жылдан бастап барлық ұйымдарда бейнекамералар орнатылды.

– Бүгінгі таңда барлық мектептерде, мектепке дейінгі ұйымдар мен колледждерде бейнекамералар орнатылған. Өткен жылы Білім министрлігінің бұйрығына сәйкес қосымша қаражат бөлінді. Бұл не берді? Бұл мектепте бөгде адамдардың болуын бақылауды күшейтуге мүмкіндік береді, сабаққа кешігіп келгендер саны айтарлықтай азайды. Камералар мектептегі материалдық базаның сақталуын бақылауға көмектеседі, кәмелетке толмағандарға профилактикалық әсер етеді. Оқушылар мектеп аумағында құқық бұзушылықтың жолын кесуге мүмкіндік береді, – деді Айгүл Мыңбаева.
Ол сондай-ақ, олардың ведомствосы бейнебақылау камераларының полициямен байланысы туралы мәселені көтеріп отырғанын атап өтті.
– Бейнекамераларды (Жедел бақылау орталығы) ЖБО-ға қосу үшін полиция басқармасымен біріктіру қажет. Қалай болғанда да, бұл балалардың қауіпсіздігі мен тиімділігі үшін керек. Қазіргі уақытта бұл мәселе тұр. – деді Айгүл Мыңбаева.
ҚР Үкіметінің 2021 жылғы 6 мамырдағы №305 «Террористік тұрғыдан осал объектілердің терроризмге қарсы қорғалуын ұйымдастыруға қойылатын талаптарды бекіту туралы» қаулысына сәйкес және балаларды қауіпсіздікпен қамтамасыз ету мақсатында БҚО білім басқармасы қосымша бюджет қаражатын бөлуге өтінім берді.