БҚО-да 250 мұғалімнен коронавирус анықталды

БҚО санитарлық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаевтың өңірлік коммуникациялар қызметі алаңында өткен брифингіде мәлім еткеніндей, олардың 237-сі дәстүрлі сипатта, 13-і қашықтан сабақ береді.

Сондай-ақ осы мерзімде 554 оқушыдан (296-сы дәстүрлі түрде, 258-і қашықтан білім алады) індет табылды. Ал оқу жылы басталғалы 1186 оқушы (547-сі дәстүрлі сипатта, 547-сі қашықтан) коронавирус жұқтырды.

Нұрлыбек Ермекұлының сөзіне қарағанда, күні бүгін қала мен аудандардың бас мемлекеттік санитар дәрігерлерінің қаулысына сәйкес 3 мектеп, 26 мектептегі 51 сынып, 5 балабақшада 6 топ, 1 шағын орталық карантинге жабылды.

«1 мамырдан бері облыста 2272 адам коронавируспен ауырса, соның 56,8 пайызы (1291) ЖРВИ белгілері бойынша тексерілген, 32,4 пайызы (738) бұрын сырқаттанғандармен қарым-қатынаста болған. 9,7 пайызы (222) профилактикалық мақсатта қаралса, 0,9 пайызынан (21) стационарға жатқызар алдында сынама алынған. Осы айда 45199 ПТР тест зерттеулері (орта есеппен күніне 2259) жүргізілді. Соңғы аптада (14-20 мамыр) алдыңғыға (7-13 мамыр) қарағанда, індет жұқтыру көрсеткіші 8,2 пайызға (786-дан 721-ге) төмендеді», деді Н.Мұстаев.

Қазақстанда өткен тәулікте 2 267 адамның ПТР-тесті оң нәтиже көрсетіп, коронавирус инфекциясын жұқтырғандар саны 371 015 жетті, деп хабарлайды денсаулық сақтау министрлігі. Батыс Қазақстан облысында – 102 адамнан анықталған.

Қазақстанда бір тәулікте коронавирус пен пневмониядан 25 адам қайтыс болды, коронавирус инфекциясынан 22 адам, ал COVID-19 белгілері бар пневмониядан 3 адам көз жұмған.

Жалпы коронавирус инфекциясынан қайтыс болғандар саны 3 767 адамға, COVID-19 белгілері бар пневмониядан көз жұмғандар саны 3 335 адамға жетті.

22 мамырдағы мәлімет бойынша, 35 211 адам коронавирус инфекциясынан (34 663 КВИ+ және 548 КВИ-) емделуде. олардың ішінде 12 822 пациент стационарда, 22 389 науқас амбулаториялық деңгейде ем қабылдауда. КВИ+, КВИ- шалдыққандардың арасында: • 701 адамның жағдайы ауыр, • 172 пациенттің жағдайы өте ауыр, • 95 науқас ӨЖЖ аппаратында жатыр.

22 мамырдағы Қазақстан өңірлеріндегі эпидемиологиялық ахуалды бағалау матрицасына сәйкес, «қызыл» аймақта: Нұр-Сұлтан, Алматы қалалары және Ақмола, Атырау, Батыс Қазақстан, Қарағанды, Маңғыстау облыстары бар.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-21
Утром5.07 ℃
Днем9.25 ℃
Вечером10.99 ℃
Ночью6.42 ℃
Влажность59 %
ДавлениеhPa 1006
Скорость ветра9.67 м/с
2022-05-22
Утром4.82 ℃
Днем12.53 ℃
Вечером8.45 ℃
Ночью7.98 ℃
Влажность48 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.49 м/с