БҚО әкімдігі БАҚ өкілдеріне ашық – Ғ.Есқалиев

Әкім ретінде БАҚ өкілдерімен, блогерлермен, тұрғындармен және қоғам белсенділерімен қаншалықты қатынасасыз? Әлеуметтік желілерде белсендісіз бе? Бүгін Орталық коммуникациялар қызметі алаңында халық алдында есеп беру барысында журналистер Ғали Есқалиевке осындай сұрақ қойды.

Батыс қазақстан облысы әкімінің айтуынша, жергілікті әкімдік БАҚ өкілдеріне ашық.

«Сайтымызда, барлық әлеуметтік желілерде әкімнің жұмысы бойынша ақпарат тұрақты түрде беріліп тұрады. Өзім БАҚ өкілдерімен жеке-жеке жиі кездеспесем де, олар іс-сапарларымызға, жиналыстарымызға қатысады, шақырылады.

Ешқандай жасырын ақпарат, жасырын жобаларымыз жоқ. Ашықтықты көрсету үшін мен жұмысқа кіріскенде бірден өзімнің Whats App номерімді жарияладым.

Барлық БАҚ өкілдері оны біледі, сұрақ туындап жатса, тікелей жазады. Міндетті түрде 2-3 күнде бір рет хабарламаларына жауап беремін. БАҚ өкілдері жеке мәселемен болсын, ақпараттың сапасына, оның дер кезінде берілуіне қатысты мәселе болса да, бірден маған шыға алады», – деді Ғ.Есқалиев.

«Менің жеке мобильді нөмірім +7 701 777 60 37. Егер өңірді дамыту бойынша нақты ұсыныстар болса, маған what ‘s app арқылы жіберуге болады», – деп жазды Есқалиев өзінің Facebook-тегі парақшасында.

БҚО басшысы Facebook әлеуметтік желісінде де тіркелген. Бірақ ақпараттың басым бөлігі облыс әкімдігінің ресми сайтында жарияланады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x