Батыс Қазақстан облысының әкімі президент қабылдауында болды

Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев Батыс Қазақстан облысының әкімі Ғали Есқалиевті қабылдады, деп хабарлайды Ақорданың баспасөз қызметі.

Қазақстан Президенті өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуының негізгі көрсеткіштері туралы, сондай-ақ жер қатынастары және «халық үніне құлақ асатын мемлекетті» қамтамасыз ету, әлеуметтік-кәсіпкерлік корпорациялардың қызметі, инвестициялар тарту мәселелері және трансшекаралық Жайық өзені проблемалары бойынша бұрын берілген тапсырмалардың орындалуы туралы есепті тыңдады.

Қасым-Жомарт Тоқаевқа бюджеттік жобалардың іске асырылуын, сумен қамтамасыз және жылумен қамтамасыз ету, автожолдар құрылысы және электр желілерін жаңғырту мәселелерін шешуді бақылауға жергілікті жұртшылықтың қатысуы жөнінде мәлімет берілді.

Мемлекет басшысы Батыс Қазақстан облысында етті мал шаруашылығын дамытудың ғылыми-өндірістік базасын құру жөніндегі әкімдіктің жоспарларына қолдау білдіріп, өңірдің ет өндірісін ұлғайтуға және еліміздің әлемдік нарықтағы орнын нығайтуға мүмкіндіктері бар екенін атап өтті.

Сондай-ақ, Президент Оралдағы машина жасау саласының техникалық және кадрлық әлеуетін сақтау қажеттігін атап өтіп, Ғали Есқалиевтің алдына демографиялық тәуекелдерді азайту, жаңа жұмыс орындарын ашу және инвесторларды қолдау жөнінде міндеттер қойды.

Мемлекет басшысы өңірлердің бюджеттерін олардың ерекшеліктерін ескере отырып, әділ бөлудің, бюджетаралық қатынастардың тиімді тетігін енгізудің маңыздылығын атап өтті. Оның айтуынша, салаларда салықты жергілікті деңгейде қалай пайдалану керектігі туралы нақты түсінік болуы керек.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x