Оралдағы жаңа шағын ауданның болашағы зор-БҚО әкімі

Биыл Батыс Қазақстан облысының орталығында жаңа «Ақжайық» шағын ауданы салынады. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметінің алаңында сөйлеген сөзінде өңір әкімі Ғали Есқалиев мәлімдеді.

Биыл тұрғын үй және басқа да нысандардың құрылысы басталады,деп мәлімдеді Батыс Қазақстан облысының әкімі. Ол ауданы 420 гектар учаскеге инженерлік инфрақұрылым мемлекет есебінен жүргізілгенін атап өтті.

«Биыл жер телімдерін игеруді бастаймыз. Бізде жаңа шағын ауданда 160 мың шаршы метр тұрғын үй салуды жоспарлап отырған жеті компания бар. Сондай-ақ жобаны зерттейтін бес компания. Біз мемлекет есебінен онда жалға берілетін тұрғын үй салатын боламыз. Жаңа шағын ауданда сауда нысандары мен мектептер салуға дайын инвесторлар бар. Жақсы перспективалар ашылуда. Жаңа шағын ауданға көпір салу мәселесі пісіп-жетілді. Биыл байқау жариялаймыз, келер жылы оның құрылысын бастаймыз», — деді БҚО әкімі Ғали Есқалиев.

Өңір басшысының айтуынша, биыл БҚО-да Орал мен Ақсайда кезекте тұрғандарға арналған 324 пәтер және ауылдық жерлерде 139 пәтер салынып, пайдалануға беріледі.

«Биыл жеңілдетілген несие бағдарламасы бойынша 1042 пәтер салу жоспарланған. Сондай-ақ, дәрігерлер мен полиция қызметкерлері үшін мақсатты бағдарлама бойынша 120 пәтердің құрылысы басталады. Биыл он мектептің, оның ішінде жеке инвестициялар есебінен екі оқу орнының құрылысы жүргізілуде. Жыл соңына дейін төрт мектептің құрылысын аяқтаймыз», — деді БҚО әкімі.

Сондай-ақ, 2021 жылы 300 шақырым автожол жөнделеді. Облыстың оңтүстік-батыс аудандарына трассалар салу жандандырылуда. Бөлінген 20 миллиард теңгеге 118 шақырым автожолды жөндеу жоспарланған. Сондай-ақ, биыл Орал-Атырау трассасын қайта жаңарту бойынша жобалық-сметалық құжаттама әзірлеу басталады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-01-18
Утром-6.97 ℃
Днем-5.01 ℃
Вечером-2.74 ℃
Ночью-4.51 ℃
Влажность93 %
ДавлениеhPa 1015
Скорость ветра8.31 м/с
2022-01-19
Утром-4.65 ℃
Днем-3.42 ℃
Вечером-5.5 ℃
Ночью-4.03 ℃
Влажность94 %
ДавлениеhPa 1021
Скорость ветра6.15 м/с