БҚО аумағында ақылы жолдармен жүру құны белгілі болды

Төлемақы бір километрге 10-нан 26 теңгеге дейінгі тариф бойынша алынады,деп хабарлады «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ баспасөз қызметі.

1 маусымнан бастап «Самара – Орал», 195-248 км, «Орал – Ақтөбе», 261-526 км, «Орал – Саратов», 4-104 км учаскелерінде жүк автомобильдерінің жүру ақысы алынады.

Бұл жүйе ақылы учаскелерде шлагбаумдардың толық болмауын білдіреді. Автомобильдердің өтуі арнайы камералар мен жабдықтардың көмегімен сегіз бақылау аркасына бекітілетін болады. Олар қазірдің өзінде тест режимінде жұмыс істейді.

Жол жүру төлемі Каспий, Хоум-банк қосымшалары, Qiwi, woopay төлем терминалдары, ұялы компания операторлары арқылы қабылданады. Осындай жолдармен жүру үшін ақы төлеу үшін автокөліктің мемлекеттік нөміріне шотты толтырудың көптеген нұсқалары қарастырылған. Сондай-ақ сигнал бақылау аркаларында оқылатын арнайы белгілерді (RFID белгілер) жапсыру көзделеді және олардан жол жүру төлемі есебіне теңгерім есептен шығарылады.

Қайта жаңарту бойынша жұмыстар аяқталғаннан кейін учаскелерде ақылы қызмет енгізіледі. Автожолдарда қайта жаңарту жүргізілгенге дейін және одан кейін ЖКО деңгейі бойынша көрсеткіштерге негізделе отырып, ЖКО санын айтарлықтай төмендету көзделіп отыр. «Ақтөбе — Орал — Ресеймен шекара» тас жолында қайта жаңартудан кейінгі ЖКО саны 25% – ға қысқарды, деп хабарлады «ҚазАвтоЖол».

Рустам Исаев, «ҚазАвтоЖол» ҰК » АҚ департамент директоры:

– Салық кодексіне сәйкес, ақылы жолдардан түскен ақша осы жолдарды ұстауға жұмсалады. Бұған бюджеттен ақша бөлінбейді. «Қазақавтожол» ЖШС жолдарға қызмет көрсетеді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-07-08
Утром18.81 ℃
Днем27.81 ℃
Вечером29.82 ℃
Ночью26.12 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1017
Скорость ветра2.91 м/с
2025-07-09
Утром19.59 ℃
Днем29.71 ℃
Вечером31.17 ℃
Ночью24.8 ℃
Влажность34 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра2.66 м/с