Оралда жолаушылар тасымалдаушыларына 1,2 миллиард теңге субсидия бөлінді

2020 жылы жергілікті бюджеттен субсидия ретінде 500 миллион теңге бөлінген еді.

«ОА» мұрағатынан

БҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз қызметі осы жылы БҚО тасымалдаушы кәсіпорындарын субсидиялау артқанын айтты.

– Егер өткен жылы жергілікті бюджеттен билік әлеуметтік маңызы бар бағыттар бойынша жолаушылар тасымалдайтын қоғамдық көлік шығындарын ішінара жабуға 500 млн теңге бөлсе, биыл бастапқы бөлінген 400 млн теңге көлеміндегі сомаға қалалық мәслихат қосымша 810 млн теңге субсидия мақұлдады (жалпы сомасы – 1,2 миллиард теңге – автор.ескерт.). Бюджет қаражаты қалалық, саяжай, қала маңындағы шығынды маршруттарға қызмет көрсетуге де бөлінетін болады, – деп хабарлады БҚО Кәсіпкерлер палатасының баспасөз хатшысы.

Орал қаласының ТКШ, ЖК және АЖ бөлімі басшысының орынбасары Ербол Арыстанғалиев қалада 6 жолаушы тасымалдаушы кәсіпорын жұмыс істейтінін атап өтті. Олар: «УралТехСервис» ЖШС, «ОралАвтоТранс» ЖШС, «Батыс Дилижанс» ЖШС, «Ақжол Авто» ЖШС, «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС және «Алый парус»ЖШС. Және ол әлеуметтік маңызы бар бағыттар үшін жергілікті бюджеттен 1,2 миллиард теңге бөлінгенін растады.

– Бөлінген субсидиялар қосалқы бөлшектер, автошиналар, ЖЖМ сатып алуға, қосалқы бөлшектерді жеткізушілер алдындағы қарыздарды өтеуге, жүргізушілердің, слесарьлардың, ИТҚ жалақыларына, сондай – ақ жаңа техника сатып алуға бағытталатын болады, – деп атап өтті ТКШ бөлімі басшысының орынбасары.

Ол сондай – ақ №4, 45, 35 маршруттарының проблемалық жағдайын түсіндірді. Оның айтуынша, №4 маршрут жататын «Батыс Қазақстан автобус паркі» ЖШС басшысына ТКШ бөлімінің мамандары «аталған маршрутты шарттық міндеттемелерге сәйкес сәйкестендіру туралы хат жолдады, бұзушылықтар жойылмаған жағдайда, шартты бұзуға дейін тиісті шаралар қабылданатын болады».

№35 және №45 бағдарларға келетін болсақ, маусым айында оларға қызмет көрсетуге конкурс өткізіледі.

Сондай-ақ, Ербол Арыстанғалиев кешкі уақытта қалалық маршруттардан автобустардың түсіп қалу мәселесін бақылауға алынғанын айтты.

Айта кетейік, автобус қозғалысы мәселесіне тап болсаңыз, ТКШ, ЖК және АЖ бөліміне 50-04-02 нөміріне қоңырау шалуға болады.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-05-20
Утром9.52 ℃
Днем13.9 ℃
Вечером13.34 ℃
Ночью9.41 ℃
Влажность60 %
ДавлениеhPa 1010
Скорость ветра5.42 м/с
2022-05-21
Утром4.93 ℃
Днем11.58 ℃
Вечером10.05 ℃
Ночью5.98 ℃
Влажность45 %
ДавлениеhPa 1007
Скорость ветра8.78 м/с