БҚО-да төрт айда халықтың 8.3%-ы covid-19 вакцинасын алып, ұжымдық иммунитет 60% жетті
БҚО-да коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңмен егу осы жылдың ақпан айынан басталды.

БҚО-да коронавирусқа қарсы ұжымдық иммунитет 60% — ға жетуі тиіс, бұл эпидемиологиялық жағдайды тұрақтандыруға және қалыпты өмірге оралуға мүмкіндік береді, — деді БҚО бас санитарлық дәрігерінің орынбасары Нұрлыбек Мұстаев
Бүгінгі таңда облыс тұрғындарының 8,3% вакцинаның екі компонентімен егілді. БҚО-да коронавирустық инфекцияға қарсы кезең-кезеңмен егу осы жылдың ақпан айынан басталды.
1 ақпаннан бастап облыста 1-ші компонентпен – 67 302, 2-ші компонентпен – 30 512 адам егілді.
Мария Драчева
