ЮНИСЕФ Қазақстанға қыркүйекте бүкіл мектепті ашуға кеңес берді

Пандемия кезінде әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. Олардың қатарында қазақстандық оқушылар да бар.

Ашық көздерден

БҰҰ Балалар қорының (ЮНИСЕФ) Қазақстандағы өкілі Артур ван Дизен бірінші қыркүйекте барлық оқушы дәстүрлі форматқа оралуы керек екенін айтты.

«ЮНИСЕФ санитарлық-эпидемиологиялық талаптарды сақтай отырып, жаңа оқу жылында бүкіл мектепті ашуға кеңес береді. Мектептер ең соңғы болып жабылып, ең бірінші болып ашылуға тиіс. Пандемия кезінде мектептердің жабылуы салдарынан әлемде әрбір үшінші оқушы немесе 463 миллион бала қашықтан білім ала алмады. Олардың қатарында қазақстандық оқушылар да бар», – деді Дизен үкімет отырысында.

Айтуынша, білім министрлігі осы салдарды барынша жою үшін шұғыл шара қабылдау қажеттігін мойындап отыр.

ЮНИСЕФ-тің Қазақстандағы өкілдігі білім алуда жіберілген олқылықтарды анықтау үшін мониторинг жүргізуді ұсынды. Оның нәтижесі бойынша әрбір оқушыға жеке көңіл бөліп, білімді толықтыру бойынша бағдарламалар әзірлеп, сынақтан өткізуге кеңес берді.

«ЮНИСЕФ мұндай бағдарламаларды дайындауға және тестілеуге көмек көрсетуге дайын», – деді ол.

Бұған дейін білім министрі Асхат Аймағамбетов жаңа 2021/2022 оқу жылында оқушылардың мектепке оралуы елдегі эпидемиологиялық жағдайға байланысты болатынын мәлімдеді.

orda.kz

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

Authorization
*
*
Registration
*
*
*
A password has not been entered
*

11 − eight =

x
2023-12-08
Утром-10.12 ℃
Днем-8.31 ℃
Вечером-12.31 ℃
Ночью-12.87 ℃
Влажность54 %
ДавлениеhPa 1042
Скорость ветра3.97 м/с
2023-12-09
Утром-11.23 ℃
Днем-9.91 ℃
Вечером-9.28 ℃
Ночью-9.6 ℃
Влажность41 %
ДавлениеhPa 1043
Скорость ветра5.29 м/с