БҚО-да КВИ эпидемиясы алтыншы апта қатарынан төмендеуде
Облыста эпидемиялық жағдай жақсаруда-Осы аптада короновируспен ауырғандар санының төмендеуі жалғасты.

Соңғы жеті күнде жаңа науқастар алдыңғы аптамен салыстырғанда 9% — ға аз, – деп хабарлады Денсаулық сақтау басқармасы. БҚО-да бірінші маусымда коронавируспен ауырғандар 56 адам, 2 маусымда — 91 науқас тіркелді. Еске салайық: сәуір айының ортасында күн сайын 250-ге жуық жаңа науқас тіркелді.
Пандемия басталғаннан бері облыста короновирустың 22 558 жағдайы тіркелген.
Қазір облыста инфекциялық төсектердің жүктемесі 32,2% құрайды.
Жыл басынан бері инфекциялық бөлімшелердің 338 пациенті қайтыс болды.