БҚО-да жол апаты үшін аудан әкімі жазаланды

Батыс Қазақстан облысы Ақжайық ауданының әкіміне үш адам қаза тапқан Орал-Атырау тас жолындағы апат үшін сөгіс жарияланды. Сондай-ақ, Облыстың ветеринария басқармасының басшысы Серік Нұрмағамбетовке қатысты қызметтік тергеу жүргізіледі.

БҚО әкімдігінде автожол қауіпсіздігі мәселелері қаралған кеңес өтті. Аймақ полиция департаменті бастығының орынбасары Жанболат Жаншин 16 мамырда Орал-Атырау автотрассасында болған жол-көлік оқиғасы туралы баяндады.

«Ақжайық ауданындағы Орал-Атырау тас жолының 75-ші шақырымында бүкіл отбасы-әкесі, ұлы және немересі қаза тапты. Тағы екі адам жарақат алды. ВАЗ 2113 автокөлігі түнде қараусыз қалған екі жылқыны қағып кетті», – деді полицей.

БҚО әкімі аудан әкімдеріне республикалық трассаларда автожол қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қатаң шаралар қабылдау туралы ескерткенін мәлімдеді.

«Аудан әкімі Қалияр Айтмұхамбетовке сөгіс жариялаймын. Сондай-ақ, ветеринария басқармасының жұмысы нашар екенін атап өткім келеді. 2020 жылы малдың қатысуымен болған 49 апаттың 43-інде мал иелері анықталмаған. Ветеринария басқармасының басшысына қатысты қызметтік тергеу жүргізілетін болады», – деп атап өтті Ғали Есқалиев.

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында Сырым ауданының әкімі Төлеген Төреғалиев сөгіс алған болатын. Оған Самара-Шымкент тас жолындағы апат себеп болды.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать.

Можете нас поддержать через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2025-06-17
Утром17.14 ℃
Днем26.06 ℃
Вечером21.23 ℃
Ночью17.33 ℃
Влажность42 %
ДавлениеhPa 1003
Скорость ветра6.77 м/с
2025-06-18
Утром15.64 ℃
Днем23.69 ℃
Вечером22.71 ℃
Ночью17.23 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1002
Скорость ветра6.93 м/с