Коронавирус үлкендер үшін қауіпті

БҚО денсаулық сақтау басқармасы басшысының міндетін атқарушы Арман Қалибековтің мәлім еткеніндей, өңірде осы кезге дейін коронавирус жұқтырған 22833 адам тіркелді.

Соның 17927-сі немесе 78,5 пайызы жазылып шықты.

Пандемия басталғаннан бері 341 адам көз жұмса, соның ішінде 2020 жылы 169, биылғы бес айда 171 адам өмірден өтті.

Арман Талғатұлының сөзіне қарағанда, көктем айларында коронавирустан қайтқандар саны көбейді. Наурызда 30, сәуірде 42, мамырда 56 адам дүниеден озды.

Биыл қайтқандардың 88-і әйелдер болса, 83-і – ер адамдар.

Науқастардың 91 пайызында (156) созылмалы дерттері болған. Соның 75 пайызы жүрек-қан тамырлары аурулары, 13 пайызы қант диабеті, 12 пайызы басқа дертке шалдыққан.

«Қазіргі таңда 1123 төсектік 18 инфекциялық стационарда 397 адам емделуде. Соның ішінде 26-сы жансақтау бөлімінде жатса, 65,3 пайызы немесе 17-сі – алпыс жастан асқандар. Науқастардың 21-і жүрек-қан тамырлары аурулары, үшеуі қант диабетімен сырқаттанады. Коронавирус алпыс жастан асқандар үшін аса қауіпті. Созылмалы аурулары барларды емдеу қиынға соғады. Сондықтан жасы ұлғайған тұрғындардың адамдар көп жиналатын жерлерге, қонақтыққа бармай, санитарлық талаптарды сақтағаны жөн», деді А.Қалибеков.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-08
Утром-4.72 ℃
Днем0.88 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-0.68 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.33 м/с
2021-12-09
Утром-1.6 ℃
Днем0.28 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-0.85 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра6.93 м/с