Иманғали Тасмағамбетов жаңа қызметке тағайындалды

Қазақстанның Ресейдегі бұрынғы Төтенше және өкілетті елшісі болған саясаткер Иманғали Тасмағамбетов «КАМАЗ» ЖАҚ директорлар кеңесінің құрамына өтті.

Айта кетейік, осы жылдың наурыз айында ресейлік компанияның акционерлері сайлауға екі үміткерді ұсынғаны туралы хабарлаған еді. Олардың біреуі – КамАЗ қызметкерлерінің біріккен бастауыш кәсіподақ ұйымының төрағасы Кирилл Пузырко болса, екіншісі 2019 жылдың желтоқсанына дейін Қазақстанның Ресей Федерациясындағы Төтенше және өкілетті елшісі қызметін атқарған Иманғали Тасмағамбетов.

4 маусымда өткен жылдық жалпы жиналыста Иманғали Нұрғалиұлы мүшелікке өтті.

«КАМАЗ» ЖАҚ – ресейлік компания, дизельді жүк көліктері мен дизельді қозғалтқыштарды өндіреді. Сонымен қатар автобустар, тракторлар, комбайндар, электр қондырғылары, жылу шағын электр стансалары мен компоненттер шығарады. Негізгі өндіріс Набережные Челны қаласында орналасқан.

Иманғали Тасмағамбетов 1956 жылы өмірге келген. Ол Қазақстандағы ең жоғарғы саяси қызметтерді атқарды. Қазақстан Үкіметін басқарды. Алматы мен Астана қалалары және Атырау облысының әкімі болды. Президент Әкімшілігіне жетекшілік етті. Қорғаныс министрлігінің де тізгінін ұстаған. Соңғы қызметі – Қазақстанның Ресейдегі Төтенше және өкілетті елшісі. Ол бұл қызметтен 2019 жылдың 18 желтоқсанында кетіп, зейнетке шықты.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2022-08-18
Утром22.77 ℃
Днем28.77 ℃
Вечером24.78 ℃
Ночью23.99 ℃
Влажность28 %
ДавлениеhPa 1018
Скорость ветра8.03 м/с
2022-08-19
Утром18.7 ℃
Днем25.57 ℃
Вечером25.04 ℃
Ночью19.13 ℃
Влажность26 %
ДавлениеhPa 1025
Скорость ветра9.57 м/с