Оралда Assyl Dombyra республикалық айтысының іріктеу кезеңі өтті

Х.Бөкеева атындағы облыстық қазақ драма театрында Тәуелсіздіктің 30 жылдығы аясында ақын Жүрсін Ерманның 70 жасқа толуына арналған ASSYL DOMBYRA республикалық айтысының үшінші іріктеу кезеңі мәреге жетті.

Қадыр Мырза Әли атындағы облыстық мәдениет және өнер орталығы мен «ASSYLTAS» қоғамдық қорының ұйымдастыруымен, Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мәдениет басқармасының қолдауымен карантиндік талаптарға сәйкес көрерменсіз өткен сайысқа республика өңірлерінен 14 ақын қатысып, бақ сынады.

Халықаралық айтыс ақындары мен жыршы-термешілер одағының төрағасы Жүрсін Ерман жүргізген додада бұл жолы Ринат Зайытов, Айтбай Жұмағұлов, Еркебұлан Қайназар, Қанат Мырзахан, Ершат Қайболдин, Рай Дөңбаев, Абзал Мақаш, Бек Шмат, Нұрзат Қару, Сырым Әділбек, Серік Қуанған, Тілеген Әділов, Айнабек Бисенғалиев, Бауыржан Ширмединұлы сахнаға шықты.

Қазылар алқасының төрағасы, белгілі қаламгер, Қазақстан Жазушылар одағы басқармасы төрағасының орынбасары Мереке Құлкеновтің айтуынша, айтыс жоғары деңгейде өтті.

«ASSYL DOMBYRA» айтысын Тәуелсіздіктің 30 жылдығына орай ұйымдастырылған үлкен бағдарлама деп есептейміз. Ақ Жайықтағы айтысқа Ринат Зайытов сияқты мықты ақындар келді. Батысқазақстандық Бауыржан Ширмединұлы да жақсы айтыса білді. Осының ішінен үздік шыққандар финалға жолдама алды. Белгілі меценат, «ASSYLTAS» қоғамдық қорының президенті Дулат Тастекейдің демеушілігімен өтіп жатқан айтыс биыл күзде оның туған жері Ақсуат ауылында қорытындыланады», деді Мереке Құлкенов.

Айтысқа қатысушылардың бәріне «ASSYLTAS» қоғамдық қорының атынан алғысхаттар мен ақшалай сыйлықтар табыс етілді.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-12-08
Утром-4.72 ℃
Днем0.88 ℃
Вечером0.19 ℃
Ночью-0.68 ℃
Влажность98 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра6.33 м/с
2021-12-09
Утром-1.6 ℃
Днем0.28 ℃
Вечером-0.24 ℃
Ночью-0.85 ℃
Влажность78 %
ДавлениеhPa 1024
Скорость ветра6.93 м/с