БҚО – да білім беру нысанының құрылысы қалай жүріп жатыр

БҚО – да бес мектеп үш ауысымда жұмыс істейді, оның үшеуі -Орал қаласында.

«ОА» мұрағатынан

БҚО құрылыс басқармасының басшысы Әлібек Антазиев қазіргі уақытта барлық қаржыландыру көздері есебінен облыс бойынша 10 білім беру нысанының құрылысы жүргізіліп жатқанын айтты. Оның ішінде 2 мектеп республикалық бюджеттен субвенция есебінен, 4 мектеп «Жұмыспен қамту 2020-2021 жж.жол картасы» бағдарламасы шеңберінде, 2 мектеп жергілікті бюджет қаражаты есебінен, 2 мектеп жеке инвестициялар есебінен салынуда.

– Салынып жатқан 10 білім беру нысанының 4-уі облыс орталығында, 6-уы облыс аудандарында орналасқан. Бүгінгі күні облыста 5 үш ауысымды мектеп бар: Орал қаласындағы №20 ЖОМ, №18 ЖОМ, Х.Доспанова атындағы №30 ЖОМ, Подстепное қазақ ЖОМ, Бөрлі ауданы Ақсай қаласының №7 ЖОМ, оқушылардың жалпы контингенті 5 760 оқушы, орын тапшылығы 1 833. Апатты мектептер-7: Орал қ. №33 ЖОМ, №31 ЖОМ, Казталов ауданы, Казталов ауылындағы А. Оразбаева атындағы ЖОББМ. Жұлдыз ауылындағы Хусайнов атындағы ЖОББМ, Сарықұдық ауылындағы НМ, Ақжайық ауданы М.Өтемісов атындағы ЖОМ, Қоныс ауылы Қоныс НМ. Биыл сегіз мектептің құрылысына 4 860,696 млн теңге бөлінді, – деді Әлібек Антазиев.

«ОА» мұрағатынан

Республикалық бюджеттен берілетін субвенция есебінен Казталовка кентінде 600 орындық 2 мектеп және Қарасу ауылдық округінің Жұлдыз ауылында 108 орындық мектеп салынады.

Жұмыспен қамтудың 2020-2021 жылдарға арналған Жол картасы бағдарламасы бойынша 4 мектеп салынады: Орал қаласында 300 орындық №18, Янайкино ауылындағы Батурин орта мектебіне екі қабатты қосымша құрылыс, Жамбыл ауылында 308 орындық, Бәйтерек ауданы Щапово ауылында 420 орындық.

Жергілікті бюджет қаражаты есебінен Орал қаласында 300 орындық №33, Казталов ауданы Сарықұдық ауылында 60 орындық 2 мектеп салынады.

Сонымен қатар, жеке инвесторлар есебінен 2 мектептің құрылысы жүргізілуде – Орал қаласындағы №31 ЖОББМ, Орал қаласындағы 900 орындық №52 ЖОББМ.

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-11-27
Утром-3.37 ℃
Днем-0.09 ℃
Вечером-3.3 ℃
Ночью-3.94 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.82 м/с
2021-11-28
Утром-1.24 ℃
Днем1.19 ℃
Вечером0.47 ℃
Ночью0.12 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.39 м/с