Құқық қорғаушы Барлық Меңдіғазиев бауырының тұтқындалғаны туралы хабарлады

АҚШ-та тұратын азаматтық белсенді Барлық Меңдіғазиев өзінің бауыры Бекіжан Меңдіғазиевтің екі айға қамалғанын хабарлады. Жексенбі күні кешке Атырау тергеу соты сондай шешім шығарған. Бекіжан Меңдіғазиев «қылмыстық топтың ісіне араласты», «ірі көлемде салық төлеуден жалтарды» және «ірі көлемде ақша жымқырды» деп айыпталып отыр. Барлық Меңдіғазиев билік Қазақстандағы туыстарын қудалау арқылы өзіне солай қысым жасағасы келеді деп санайды.

Адвокат Игорь Вранчаев Бекіжан Меңдіғазиевтің ұсталғанын растады.

Барлық Меңдіғазиевтің сөзіне қарағанда, көрші облысқа бармақ болған бауырын полиция жұма күні Оралда еш түсіндірместен ұстаған.

– Оған не үшін ұстап жатқанын түсіндірмеген, айып та тақпаған, Атырау қаласына алып барған. Тек сол жаққа жеткізгеннен кейін оған қылмыстық топ ісіне араласып, ақша жымқыру күдігіне ілінгенін хабарлаған. Мен мұны маған жасалып отырған қысым деп санаймын: әуелі KSS компаниясы (бұрын Барлық Меңдіғазиевке тиесілі болған фирма) қызметкерлерін соттады, енді бауырыма кірісіп жатыр, оның бұл фирмаға еш қатысы жоқ, оның өз жеке кәсібі бар, – деді Барлық Меңдіғазиев Азаттық тілшісіне телефон арқылы.

Атырау сотының баспасөз қызметі «тергеу жүріп жатыр» деп Бекіжан Меңдіғазиевтің ұсталуына қатысты ақпарат беруден бас тартты. Атырау облысының экономикалық тергеу департаменті «тергеу мүддесіне байланысты Бекіжан Меңдіғазиевке қатысты ақпарат жарияланбайтынын» алға тартты.

Барлық Меңдіғазиев – билікті қатаң сынап жүрген азаматтық белсенді. АҚШ-та тұратын бұрынғы кәсіпкер азаматтық белсенділігі Қазақстандағы жақындары мен туыстарының қудалануына түрткі болды деп санайды. Ол бұрын жетекшілік еткен KSS (Karachaganak Support Service) компаниясының директоры «ірі көлемде салық төлеуден жалтарғаны үшін» бес жылға шартты түрде сотталған. Ол іс бойынша контрагенттік фирманың екі жетекшісі де сотталған. Бұған дейін Барлық Меңдіғазиевтің жақындарының үйінде тінту болғаны хабарланған еді.

«Азаттык»

СОНДАЙ-АҚ ОҚЫҢЫЗ: «Маған қатысты қылмыстық іс – бұл репрессия мен қорқыту актісі» 

Барлық Меңдіғазиевке ҰҚТ құру айыбы тағылып, тінту жүргізіліп, іздеу жарияланды

Бұрын Барлық Меңдіғазиевке тиесілі «Karachaganak Support Service» (KSS) ЖШС директоры салық төлеуден жалтарғаны үшін кінәлі деп танылды

Барлық Меңдіғазев компаниясының қызметкерлері компанияның кеңсесін тінткендеріне наразы

Барлык Мендығазиев өз кәсіпорнынын жұмыс ұжымының меншігіне береді

Барлык Мендығазиев қамауға алынды

Помогите нам рассказывать правду

Наши журналисты не боятся добывать правду, чтобы показывать ее вам. В стране, где власти постоянно хотят что-то запретить, в том числе - запретить говорить правду, должны быть издания, которые продолжают заниматься настоящей журналистикой.

Мы хотим зависеть только от вас — тех, кто хочет знать правду, тех, кто не боится быть свободным. Помогите нам рассказать вам правду.

Пожалуйста, поддержите нас своим вкладом в независимую журналистику!

Это просто сделать – перейдите вот сюда

Можно поддержать нас и через KASPI GOLD, отправив свою сумму на номер 8 777 761 02 61

x
2021-11-27
Утром-3.37 ℃
Днем-0.09 ℃
Вечером-3.3 ℃
Ночью-3.94 ℃
Влажность40 %
ДавлениеhPa 1030
Скорость ветра5.82 м/с
2021-11-28
Утром-1.24 ℃
Днем1.19 ℃
Вечером0.47 ℃
Ночью0.12 ℃
Влажность52 %
ДавлениеhPa 1022
Скорость ветра6.39 м/с