Алдағы күндері Қазақстанда карантин жеңілдетілуі мүмкін
Қазақстан коронавирустың таралуы бойынша «жасыл» аймаққа енді. Егер бес күн ішінде жағдай өзгермесе, Денсаулық сақтау министрлігі шектеулердің бір бөлігін алып тастау мәселесін қарастыруы мүмкін.

7 маусымда Қазақстан коронавирустың таралу қарқыны бойынша «сары» аймақтан «жасыл» аймаққа өтті. 8 маусымдағы эпидемиологиялық жағдайды бағалау матрицасына сәйкес, елде тек екі өңір «қызыл» аймақта қалады – Нұр-сұлтан және Қарағанды облысы. «Сары» аймақта-Алматы, Атырау, Ақмола, Батыс Қазақстан және Павлодар облыстары. Пандемия басталғаннан бері елде 395 832 covid-19 инфекциясы тіркелді. Бір күнде жұқтырғандар саны 768-ге өсті.
ҚР ДСМ санитарлық-эпидемиологиялық бақылау комитетінің ресми өкілі Ержан Байтанаев astanatv.kz сұхбатында айтқандай «егер бес күн ішінде ҚР аумағында жағдай тұрақты болса, онда карантиндік шараларды жеңілдету мәселесі қаралатын болады»