Оралда бір күнде екі сауда үйінде өрт шықты
Адамдар өрт сөндірушілер келгенге дейін сауда үйінен шығып үлгерген. Эвакуацияланған сатушылар мен сатып алушылар. Өрт сөндірушілер санаулы минуттарда өртті сөндірді.

БҚО төтенше жағдайлар департаменті баспасөз қызметінің хабарлауынша, сағат 15-47-де «Атриум» сауда орталығында жалпы ауданы 3 шаршы метр болатын электр қалқаны мен кабель өртенді.
«Келушілер мен қызметкерлер ТЖД келгенге дейін эвакуацияланды. Өрт 16-07 өрт сөндіргіштерімен, ТЖД күшімен жойылды. Оқиға орнына ТЖД 59 қызметкері мен 19 техника шықты. Өрт сауда орталығының үлкен аумағын алған жоқ», – деп хабарлады БҚО ТЖД баспасөз қызметі.
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткендей, 15 маусым күні сағат 18.12-де Құрманғазы көшесі, 152-мекенжайында 9 қабатты үйде орналасқан «Школьник» сауда үйінде болды.
Сауда үйінің бірінші қабатындағы қосалқы ғимаратта электр қалқандағы кабельдер (3 шаршы метр) жанды. Баспалдақ сатысымен 24 адам эвакуацияланды, оның төртеуі – балалар.

Зардап шеккендер жоқ. Тілсіз жау ТЖ департаментінің күшімен (35 адам, 11 техника) сағат 19.00-де толықтай жойылды.
Еске сала кетейік, осыдан бір ай бұрын Оралда «Меркурий» СҮ қоймасында құрылыс материалдарын сату бойынша өрт шыққан болатын. 800 метр алаңда жеке тұрған қойма өртенді.
Илья Кравченко